Әлеумет Құқық қорғаушылар қоғам дертімен күресуде Редактор 18.06.2022 4661 1 оқу мин Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — өзекті мәселе. Сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы аса қауіпті індет болған соң, елімізде оған қарсы күрес қарқынды жүруде. Сыбайлас жемқорлықпен күресте, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып сыбайлас жемқорлықпен күресу болып табылады. Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Жемқорлықтың алдын алу мақсатында түрлі бастамалар көтеріліп, жиындар ұйымдастырылып келеді. Құқық қорғаушылар да аталмыш қоғам дертімен күресті күшейтуде. Мәселен, жуырда Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлықты болдырмау хақында мәжіліс өтті. Жиынға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша басқарма басшысы Ержан Жүнісов, аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев пен қоғамдық кеңес мүшесі Сейтхан Ақтаев және полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты. Шара барысында жемқорлыққа жол бермеу және тосқауыл жасау туралы өзекті мәселелер талқыланды. Полиция қызметкерлеріне қолданыстағы Заң талаптарына сәйкес, әрбір мемлекеттік орган басшысы өз ұжымында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу барысында тұрақты түрде түрлі шараларды қабылдап отыру жайлы сөз қозғады. Кездесуге келгендер біріккен арнайы бағдарламаларды жасақтауды, оларды жүзеге асыруда насихат жұмыстарын жүргізуге қолдау білдіретіндіктерін айтты. Жиын соңы өзара пікір алмасуға ұласты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 11107 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 12905 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 15366