Әлеумет Жас болса да ұрлықты кәсіп еткен суыққолды өмірлік сабақ алғаны анық Редактор 18.06.2022 14298 1 оқу мин Өзгенің мүлкін ұрлау қылмыстарының 20 пайызын ұялы телефондарды ұрлау құрайды. Бірінші кезекте бұл ұялы телефондардың көптеп таралуы және оларға деген сұраныс жоғарлығы мен сату оңайлығымен байланысты. Ұялы телефон ұрланған жағдайда азаматтарға бірден қылмыс жасалған орын бойынша ішкі істер органдарына немесе жақын арадағы полиция бөлімшесіне арыздану қажет, әрине. Түркістан облысына қарасты Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, қаладағы бассейндердің біріне қыдыруға барған сәтінде «Samsung A50» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 160 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Хабарлама келіп түскен бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары оқиға орнына бірден шықты. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап, бейнебақылау камераларын тексеріп шықты. Нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті Түркістан қаласының тұрғыны жас қыз болып шықты. Ол шомылу орнына демалу үшін барған. Содан үстел үстінде тұрған телефонға көзі түсіп, ешкімнің байқамай тұрғанын пайдаланып, телефонды жымқырған. Полицейлер күдікті жас қыздан айғақты зат ретінде ұялы телефонды тәркілеп алды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жас болса да ұрлықты кәсіп еткен суыққолды өмірлік сабақ алғаны анық. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 11107 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 12905 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 15366