Әлеумет Дағдарыс орталығындағы аналарға қолдау көрсетті Редактор 19.06.2022 5600 1 оқу мин Дағдарыс орталықтары еліміздің көптеген аймақтарында бар. Аталмыш орталықтар және уақытша паналайтын орындар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жәбір көрген және қорғансыз құрбандарына көмектесетін орталық болып табылады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жапа шеккендер паналайтын орталықты бюджеттен қаржыландырылады. Отбасына тыныштық бермейтін тирандардан қашып келген аналар балаларымен мұнда уақытша мекен етеді. Бірақ мұның бәрі тек салдармен күрес сынды. Қолдауды әлдеқайда тиімдірек ету үшін мұндай орындар қажет және оны жетілдіру керек. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын жүргізу де басты мақсат болып отыр. Маусым айының 13 жұлдызынан бастап республика көлемінде «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы өткізілуде. Бұл акция — азаматтардың полицияға деген сенімін нығайту, халықтың бұқара тобын отбасында әйелдермен балаларға қатысты зорлық- зомбылықты ескерту, жолын кесу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейімді адамдармен жеке-профилактикалық жұмысын жүзеге асыруға бағытталған. Аталған акция аясында Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және «Әлеуметтік — психологиялық сүйемелдеу қызметі» сектор мамандары Ана мен Балаға арналған «КӨМЕК» дағдарыс орталығына арнайы барып, зорлық-зомбылыққа ұшыраған, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған аналармен кездесу өткізді. Уақытша мекенді паналап отырған аналарға барынша қолдау көрсету басты мақсат болып отыр. Өмірінің қиын кезеңіне тап болған аналарға консультативтік құқықтық кеңес, психологиялық және әлеуметтік жағдайларын жақсарту бойынша кеңес берілді. Құқық қорғаушылар тарапынан көрсетілген қолдауға риза болған аналар ондағы өмірлері жайлы айтып, полиция қызметкерлеріне сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Тәртіп сақшылары зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда мемлекет тарапынан бірқатар көмек түрін ақысыз алуға болатындығын еске салады. Ол үшін арнайы колл-орталықтар жұмыс істейді, қолдау орталықтары да бар. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 25.04.2024 1214 ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНА 49 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ 1 оқу мин Әлеумет ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНА 49 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ 25.04.2024 1247 ЖЕТІСАЙДА ТЕАТР ӨНЕРПАЗДАРЫ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ 1 оқу мин Әлеумет ЖЕТІСАЙДА ТЕАТР ӨНЕРПАЗДАРЫ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ 24.04.2024 2215