Әлеумет Ашық аспан астында акция өткізілді Редактор 19.06.2022 4822 1 оқу мин Бүгінде елімізде отбасы институтын нығайту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Дегенмен жалпыұлттық іс-шаралар жоспары аясында көпбалалы, аз қамтылған және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесетін орталықтар мен кеңселер қызметіне қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі өзекті болып отыр. Қоғамды іштен ірітетін дерттің алдын алу үшін түрлі бағдарламалар, акциялар, іс-шаралар ұйымдастырылуда. Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясын өткізді. Акцияның негізгі мақсаты –әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, қабылданып жатқан шаралармен таныстыру. Аталған акция барысында әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының психолог маманы Алия Базарбайқызы, Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Аселхан Божикенова қала аумағындағы «Жеңіс» саябағында ашық аспан астында мұғалімдер мен жасөспірімдердің қатысуымен флешмоб өткізді. Әрине ұйықтататын баяндамалар мен есінететін жиындардан көрі жасөспірімдер үшін табиғат аясында өткізілген заманауи яғни, флеш-моб түрінде өтетін іс-шараның берері мол болмақ. Жасөскіндер өздерін өздері қорғай алатын тұлға болып қалыптасу үшін не істеу қажет дегендей сұрақтарға жауап ала алды. Іс-шара барысында халықты ақпараттандыру үшін қоғамдық орындарда 400-ге жуық жадынамалар таратылды. Сонымен қатар, зорлыққа тап болған әйелдерге өздерінің құқықтары қорғалатындығы туралы кеңес берілді. Полиция қызметкерлері бұндай шаралар әйелдердің құқығын қорғайтын ең маңызды кездесу екендігін айта кетті. Алдағы уақытта да аталмыш шаралар жалғасын табатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 11107 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 12905 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 15366