Әлеумет Жол ережесін қатаң сақтау туралы өмірлік сабақ алды Редактор 20.06.2022 6508 1 оқу мин Бүгінде жастардың басы қосылса көлікпен серуен құрып, жол ережесін өрескел бұзатындары жасырын емес. Әсіресе қарсы жолаққа шығып кетіп, көліктің төбесіне шығып, қиқулап көлік жарыс ұйымдастыратын тағы бар. Ол үшін жауапкершілік қарастырылғанын қаперлеріне де алмайды. Тіпті оны ғаламторға жүктеп, өздерін өздері ұстап беріп жатады. Жуырда осындай өрескел заңбұзушылықты ғаламторға жүктеген жастар қолға түсті. Осы бейнежазба бойынша Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жүргізушілерді тауып, олардың жеке басы мен тұрғылықты мекенжайын анықтады. Олар Петропавл және Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Жол ережесін бұзған Петропавл қаласының 20 жасар тұрғынына Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 593-бабы 1-бөлігі «Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушылар мен жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау», ал Шымкент қаласының тұрғынына Қазақстан Ресупубликасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 595-бабы 1-бөлігі «Маневр қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Енді олар жол ережесін қатаң сақтау қажеттігі туралы өмірлік сабақ алды. Әрбір жүргізуші рөлге отырған кезде өз өмірі мен жолаушылардың, жаяу жүргіншілердің өмірі үшін де жауапты болатындығын есте сақтайтын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 11167 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 12985 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 15449