Әлеумет Киберқауіпсіздік шаралары жөнінде семинар сабақ өткізді Редактор 02.07.2022 3444 1 оқу мин Бүгінгі күні киберқауіпсіздік дүниежүзі елдері үшін аса өзекті мәселеге айналып отыр. Себебі технология қарыштап дамыған сайын хакерлердің шабуылы да жиілей бастады. Жаңа технологияның соңғы жаңалықтарын барынша жетік меңгерген хакерлер жеке адамдардың деректеріне ғана емес, ірі компаниялар мен ресми органдардың сайттарына да шабуыл жасай бастады. Бұл ретте Қазақстан да киберқауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударып отыр. Киберқауіпсіздікті нығайту – бүгінгі күннің басты талабы болып отыр. Өйткені құпия мәліметтер ағынын хакерлер өз пайдасына жаратып жіберуі әбден мүмкін. Сондықтан да барлық сала киберқауіпсіздікті күшейтуі қажет. Сала мамандары осы тақырып бойынша түрлі жиындар мен басқосулар өткізіп, барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Түркістан облыстық сотының кеңсе меңгерушісі Э.Аширова бейнеконференция байланысы арқылы жергілікті соттарының қызметкерлерімен жоспарға сай киберқауіпсіздік шаралары жөнінде семинар сабағын өткізді. Аталған семинарға облыстық соттың бөлім басшылары, мамандары, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері мен мамандары қатысты. Семинар барысында киберқауіпсіздік мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, ақпараттық технологиялар және ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы К.Алимов “Киберқауіпсіздік қамтамасыз ету мәселелері” жөнінде баяндамасында аталған тақырыпты барынша талдап, сараптама жасады. Одан бөлек, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қатысушылардың туындаған сұрақтарына, К.Алимовпен IT мамандары нақты жауаптар берді. Кеңсе меңгерушісі Э.Аширова семинар соңында мемлекеттік қызметшілермен киберқауіпсіздік шараларын ұстануының жоғары маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі күннің баты тақырыбын талқылаған мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 26.04.2024 794 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА САЯБАҚТАРДА СЕНБІЛІК ӨТІП ЖАТЫР Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА САЯБАҚТАРДА СЕНБІЛІК ӨТІП ЖАТЫР 26.04.2024 1005 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 25.04.2024 1555