Әлеумет Сеніп тапсырған малын сатып жіберген бақташы қамауға алынды Редактор 02.07.2022 4404 1 оқу мин Бүгінде біреуге дүние мүлкін сеніп тапсыру аса қауіпті болып қалған сықылды. Айнала толған алаяқтар сықылды әсер қалдыратыны да рас. Ауылдағы ағайынға қырағы болуды және өз малдарын бейтаныс адамдарға бақтырмауды қаншама рет түсіндірме жұмыстары жүргізілсе де құлаққа қыстыратын адам аз сықылды. Мүмкіндігінше үй малын таңбалап, ен салдыру, ал қора-жайларды сенімді қоршаумен нығайтуды да көп адам ескере бермейді. Нәтижесінде малынан айырылып, құқық қорғаушыларға күні түсулі. Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, мал бағумен айналысатын танысына құны 700 000 теңгелік құлынды биесін, 600 000 теңгелік жылқысын сеніп тапсырған. Арадан 2 айдай уақыт өткенде жәбірленуші малын түгендеуге барғанында жылқылары жоқ болып шыққан. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 1 300 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-1-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында бақташы ер адамды ұстады. Сезікті жас жігіт сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігіне жаратып жібергені анықталды. Белгілі болғандай, күдікті ер адам мұндай әрекетке қаражат тапшылығына байланысты барған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Полиция үйіндегілерге ренжіп, жоғалып кеткен жасөспірімді тапты 1 оқу мин Әлеумет Полиция үйіндегілерге ренжіп, жоғалып кеткен жасөспірімді тапты 28.03.2024 660 МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ 1 оқу мин Әлеумет МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ 28.03.2024 1016 ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ Әлеумет ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ 26.03.2024 1549