Әлеумет Кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды Редактор 17.07.2022 2489 1 оқу мин Түркістан қаласының прокуратурасы талдау барысында тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдаушы мекеме тұтынушы кәсіпкерлерден негізсіз жоғары тарифте төлем алып келгенін анықтады. Атап айтқанда, «Түркістан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Түркістан қалалық мәслихатының 09.02.2018ж. №27/145-VI шешімінің 2 қосымшасының 2.1-тармағында заңды тұлғалар үшін тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге төлем 1 текше метрге 860,1 теңге мөлшерде бекітілген. Алайда «Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС 2021 жылдан бері тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметі үшін 844 заңды тұлғадан 1 текше метр тұрмыстық қатты қалдық үшін ай сайын 2497,38 теңгеден өтемақы алып отырған (негізсіз 1637,28 теңгеге артық). Прокурорлық қадағалау актісі негізінде артық төленген 6 млн. теңгеден астам қаражат кәсіпкерлердің пайдасына қайта есептелді. Кінәлі тұлғалары тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 23.04.2024 695 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛУДА 1 оқу мин Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛУДА 23.04.2024 980 ТҮРКІСТАНДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАНДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ 23.04.2024 2378