Әлеумет Қазығұрт ауданында заңсыз жүрген шетелдіктер анықталды Редактор 18.07.2022 2786 1 оқу мин Жаз мезгілінде елімізге нәпақа табу үшін келетін шетелдіктер қаптайтыны рас. Олардың дені заң бұзатыны да анық. Осындай заңбұзушылықтардың орын алмасы үшін құқық қорғаушылар Түркістан облысы аумағында «Заңсыз келуші-2022» профилактикалық іс-шарасын жүргізуде. Шараның басты мақсаты — Қазақстан аумағына заңсыз келген, жұмыс жасап жүрген шетел азаматтарын анықтау. Бұдан бөлек, көші қон заңнамасын сақтау бойынша шетелдіктер мен оларды қабылдаушы азаматтар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Аталған іс-шара кезінде Қазығұрт аудандық полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасында заңсыз жұмыс істеп жүрген 7 азаматты анықтады. Нақтырақ айтар болсақ, шетелдіктерге ҚР ӘҚБтК-нң 517-бабы 5-бөлігі «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша хаттама толтырып, соттың қаулысымен 1 тәулікке арнайы арнайы қабылдап тарату бөліміне жабылды. Сондай-ақ республика аумағына келіп уақыт мерзімі өтіп кеткен 1 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігімен «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша әкімшілік хаттама толтырып, сот қаулысымен 76 575 теңге көлемінде айыппұл салды. Тұрғын үймен қамтамасыз еткені үшін Қазақстан Республикасының 2 азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы 1-бөлігі «Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша әкімшілік шара көрілді. Бұл бағыттағы шаралар Қазақстан аумағына заңсыз келушілер мен жұмыс жасайтын шетел азаматтарының санын азайтады. Алдағы уақытта мұндай тексеру жұмыстары полицейлер тарапынан өз жалғасын таба бермек. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 26.04.2024 523 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА САЯБАҚТАРДА СЕНБІЛІК ӨТІП ЖАТЫР Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА САЯБАҚТАРДА СЕНБІЛІК ӨТІП ЖАТЫР 26.04.2024 949 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 25.04.2024 1444