Әлеумет «Пәтер алып бергіш» әйел ұсталды Редактор 19.07.2022 1354 1 оқу мин Бүгінде алаяқтықтың түр түрі гүлденіп тұр. Аңқау елге арамза молданың кейпіне еніп, сан соқтырып кететіндердің қарасы қалың. Құқық қорғаушылар алаяқтардан сақтану жолдары туралы қаншама рет арнайы шаралар өткізіп, парақшалалар таратып, тіпті арнайы түсірілім жасап жатқанымен алаяқтардың қақпанына өздері барып түсетіндер көбейіп тұр. Жуырда Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық полиция бөліміне екі бірдей тұрғын арызданды. Алдымен арызданған жәбірленуші ер адамның айтуынша, танысы «жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлерден екі бөлмелі пәтер алып беремін» — деп, 300 000 теңге ақшасын алып қайтармай қойған. Екінші әйел өз арызында алаяқ «Шымкент қаласынан үй алып беремін» — деп, 450 000 теңге ақша алғанын көрсетті. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Әрине алаяқтықпен арам ақша тауып жүргендердің алысқа ұзамасы анық. «Пәтер алып бергіш» әйел көп ұзамай ақ қолға түсті. Оңай олжаны қолға түсірген соң ол бас пайдасына жаратып жіберген. Ал берген уәдесін мүлде ұмытқан. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «КИЕЛІ МЕКЕН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШТЕР АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ 1 оқу мин Әлеумет «КИЕЛІ МЕКЕН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШТЕР АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ 20.04.2024 607 ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР 16 МЕМЛЕКЕТ АРАСЫНДА ҮЗДІК АТАНДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР 16 МЕМЛЕКЕТ АРАСЫНДА ҮЗДІК АТАНДЫ 20.04.2024 1028 ТҮРКІСТАНДА «АЙБЫН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАНДА «АЙБЫН-2024» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ 19.04.2024 1010