Әлеумет Оңай олжа орға жықты Редактор 19.07.2022 5199 1 оқу мин Image of plastic credit cart between human fingers Бүгінде ашкөздікпен қандай жолмен болса да ақша табуды көздейтіндер танысын да, туысын да алдаудан аянбайды. Қолға түспеймін деп ойлайтын болса керек. Технологияның мықтап қарыштап дамыған заманында оңай олжаға құныққандарды құрықтау қиын емес. Жуырда Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жас жігіттің айтуынша, өзінің танысы әбден сеніміне кіріп, оның атынан 850 000 теңге ақшалай, 1 105 000 теңгеге тауарлы несие рәсімдеген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Олар хабарлама түскеннен соң, көп уақыт өтпей, сезікті жас жігітті қолға түсірді. Анықталғандай, күдікті жәбірленушінің сыныптасы болып шықты. Сезікті жігіт «сенің банк шотыңа ағам ақша аударады» — деп, оның банк қосымшасын өзінің ұялы телефонына орнатып алған. Банк қосымшасы арқылы несиелер рәсімдеп, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осылайша оңай олжа орға жықты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Екпемен қамту бойынша семинар өткізді 1 оқу мин Әлеумет Екпемен қамту бойынша семинар өткізді 08.05.2024 485 Преаналитика бойынша бірінші республикалық конгрес өткізілді 1 оқу мин Әлеумет Преаналитика бойынша бірінші республикалық конгрес өткізілді 08.05.2024 385 Білікті дәрігер тәжірибесімен бөлісті 1 оқу мин Әлеумет Білікті дәрігер тәжірибесімен бөлісті 08.05.2024 654