Әлеумет Шетелден киім әкеліп сатамыз деп алаяқтық жасаған күдікті қолға түсті Редактор 19.07.2022 2345 1 оқу мин Сауда нарығында бүгінде шетелдерден зат әкеліп беретін компаниялар көптеп қызмет көрсетуде. Дегенмен олардың алдын орап кететін алаяқтардың да қарасы азаяр емес. Жуырда Түркістан облысына қарасты Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Келес ауданының тұрғыны арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның танысы «Өзбекстан Республикасынан арзан бағада киім алып, Алматы қаласының тұрғындарына сатамыз» — деп, әбден сеніміне кірген. Сауданың көрігін қыздырып, байлыққа батып қаламыз деп әбден қиялына ерік берсе керек. Оған сеніп қалған жәбірленуші алдын-ала тауарға деп 500 000 теңге ақшасын қолма қол санап берген. Содан тауар да жоқ, сенген адамы тағы жоқ. Ақыр соңында құқық қорғаушылардан көмек сұраудан басқа амалы қалмаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшыларының тиянақты әрі жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Сарыағаш ауданының тұрғыны, бұрын сотты болған ер адам ұсталды. Тексеру кезінде анықталғандай, сезікті ер адам бұған дейін жасаған әрекеттерінен сабақ алмай, алаяқтық қылмысын тағы жасаған. «Аузы күйген үрлеп ішедіні» үйренбесе керек. Ол жәбірленушіден алған ақшаны жаратып жіберген. Бүгінгі таңда полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Полиция үйіндегілерге ренжіп, жоғалып кеткен жасөспірімді тапты 1 оқу мин Әлеумет Полиция үйіндегілерге ренжіп, жоғалып кеткен жасөспірімді тапты 28.03.2024 268 МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ 1 оқу мин Әлеумет МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ 28.03.2024 346 ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ Әлеумет ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ 26.03.2024 1294