Әлеумет «Мемлекеттен жәрдемақы шығарып беремін» деп тұрғындарды алдаған алаяқ әйел ұсталды Редактор 20.07.2022 1943 1 оқу мин Алаяқтық қылмысының көбейіп кеткеніне орай тәртіп сақшылары ұдайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Алайда одан нәтиже шығаратындардың қатары аз. «Құлақтан тебетін» алаяқтардың әдемі әңгімесіне елітіп, ақшасын өз қолдарымен санап беретіндердің қатары азаймай отыр. Жуырда Түркістан ҚПБ-ға бірнеше жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғандығын жеткізді. Олардың айтуынша, сырттай таныс әйел «мемлекеттен қайтарымсыз жәрдемақы шығарып беремін» деп сенімге кіріп, әрқайсысынан 150 000 теңгеден алған. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық » бойынша тіркелді. Тұрғындарды алдап, ақшасын алып кеткен күдіктіні қолға түсіру бағытында құқық қорғаушылар қарқынды іздестіру шараларын жүргізді. Алаяқтық қылмысын ашу мақсатында жәбірленушілерден нақты мәліметтер алды. Осылайша жедел жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде орта жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Анықталғандай, күдікті әйел қайтарымсыз ақша алып беремін деп, 3 тұрғыннан 150 000 теңгеден алып, бас пайдасына жаратқан. Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Полиция үйіндегілерге ренжіп, жоғалып кеткен жасөспірімді тапты 1 оқу мин Әлеумет Полиция үйіндегілерге ренжіп, жоғалып кеткен жасөспірімді тапты 28.03.2024 198 МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ 1 оқу мин Әлеумет МАҚТААРАЛДЫҚ КӘСІПКЕР ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ 28.03.2024 217 ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ Әлеумет ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ 26.03.2024 1254