Әлеумет Прокуратура шаруалардың мәселесін шешіп берді Редактор 21.07.2022 2781 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданы тұрғындарының басым бөлігі яғни, 85 пайызы егін шаруашылығымен айналысады. Ауданда жалпы саны 8071 шаруа қожалықтары бар. Олар 60 мың гектарға жуық егістік алқапқа егін егумен айналысады. Қазіргі таңда минералды тыңайтқыш өнімдерінің жетіспеуі және оның бағасының шарықтап кетуі аудан шаруаларының басты проблемасына айналып отыр. Мәселенің өзектілігін ескеріп, аудан прокуратурасымен «КазАзот»АҚ-мен тікелей байланыс орнатылып, біргелікті мәселені түпкілікті шешу мақсатында Мақтаарал, Жетісай аудандарының жергілікті атқарушы органдарының, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшылығының, бұқаралық ақпарат құралдарының және шаруалардың қатысуында кеңейтілген мекемеаралық мәжіліс өткізілді. Мәжіліс нәтижесімен «КазАзот» АҚ-мы және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшылығы Мақтаарал және Жетісай аудандарына беріліп жатқан тыңайтқыш көлемін арттырып туындаған мәселе 20 күн ішінде түпкілікті шешілетіндігі туралы келісімге келді. Сонымен қатар, мәжіліске жиналған шаруалар арнайы Нұр-Сұлтан қаласынан келген «КазАзот»АҚ бас директорының орынбасары Нагуманова Тахмина Утагалиевнаға және зауыт басшылығына өз ризашылықтарын білдірді. Осылайша аудан прокуратурасының тікелей араласуынан бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселенің түйініне нүкте қойылды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Екпемен қамту бойынша семинар өткізді 1 оқу мин Әлеумет Екпемен қамту бойынша семинар өткізді 08.05.2024 943 Преаналитика бойынша бірінші республикалық конгрес өткізілді 1 оқу мин Әлеумет Преаналитика бойынша бірінші республикалық конгрес өткізілді 08.05.2024 535 Білікті дәрігер тәжірибесімен бөлісті 1 оқу мин Әлеумет Білікті дәрігер тәжірибесімен бөлісті 08.05.2024 843