Әлеумет Екінші мәрте мас халде көлік басқарған жүргізуші ұсталды Редактор 29.07.2022 5489 1 оқу мин Бүгінде мас халде көлік жүргізгендерге жаза қатаңдатылғалы бері мұндай бассыздыққа баратындардың қатары сиреп қалған еді. Алайда жүргізуші куәлігінен айырылса да «есі кірмегендер» әлі де баршылық екен. Жуырда Түркістан облысына қарасты Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық шарасы кезінде «Mersedes-Benz 230 E» маркалы автокөлігінің жүргізушісін тоқтатты. Оның мас халде екендігіне күдік тудырған полицейлер жүргізушіні медициналық куәландырудан өткізді. Сараптама қорытындысына сәйкес оның алкагольді масаң күйде екендігі белгілі болды. Сонымен қатар ер адам бұған дейін де Келес аудандық сотының үкімімен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Десе де, жүргізуші бұған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылса да, одан қорытынды шығармаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша тіркеуге алды. Ал автокөлік айыптұраққа қойылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 11167 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 12985 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 15449