Әлеумет Мас халде көлік басқарған әйел 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды Редактор 30.07.2022 1999 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Қазығұрттық патрульдік полиция тобының қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында, «Қауіпсіз жол» рейдтік-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Осындай кезекті рейд барысында аудандық полицейлер түнгі уақытта аудан көшелерінің бірінен «Volkswagen golf» маркалы автокөлігінің бағдаршамның қызыл түсінен өтіп кеткенін байқады. Содан тәртіп сақшылары көліктің алдына шыға отырып, оны тоқтатты. Жүргізуші әйелге қатысты сараптама тағайындалып, қорытындысына сай оның «орта дәрежелі» мас халде екені анықталды. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеді. Жинақталған іс құжаттар заңды шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жолданды. Осылайша спирттік ішімдік ішіп, көлік тізгіндеген жүргізуші әйел сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 26.04.2024 523 «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА САЯБАҚТАРДА СЕНБІЛІК ӨТІП ЖАТЫР Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА САЯБАҚТАРДА СЕНБІЛІК ӨТІП ЖАТЫР 26.04.2024 949 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ МЕН ПРЕЗИДЕНТ ІС БАСҚАРМАСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ 25.04.2024 1444