Әлеумет Жер телімінің құжатын жасап беремін деп алаяқтық жасаған күдікті ұсталды Редактор 02.08.2022 5448 1 оқу мин «Аңқау елге арамза молданың» кейпіне енген алаяқтар бүгінде түрлі айла-шарғыларға барып, оңай жерден олжа таппақты ғадетке айналдырған. Тұрғындардың құжатқа құнтсыздығын, артық жүгіріске бармай, ақшамен бітіруді көздейтіндіктері алаяқтардың да оң жамбасына дөп келіп тұр. Жуырда түркістандық тұрғын алаяқтың қақпанына түскенін айтып тәртіп сақшыларына арызданған. Алыс танысы жер телімінің құжаттарын жасап беретінін айтып, 1 100 000 теңге ақшасын алып кеткен. Оған сенген тұрғын жарты жыл бойы құрғақ уәдесіне сеніп жүрген. Ақыр аяғында не құжат жоқ, не ақша жоқ алданғанын біліп полицияға арызданудан басқа амалы қалмағана. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚҚ-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Түркістан ҚПБ-ның полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған ер азаматты жергілікті мекенжайынан ұстады. Оны бірден басқармаға жеткізді. Күдікті Сауран ауданының тұрғыны болып шықты. Тексеру кезінде белгілі болғандай, күдіктінің бұдан басқа 3 жайтқа қатыстылығы анықталды. Жәбірленушілердің әрқайсысынан 600 мың мен 400 мың теңге аралығында ақша алған. Жалпы шығын көлемі 3 000 000 теңгені құрап отыр. Сондай-ақ полицейлер күдіктінің еш жерде жұмыс істемейтінін растады. Осылайша оңай олжамен ақ нәпақасын айырамын деген азамат қақпанға тұтылды. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 11107 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 12905 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 15366