Әлеумет Қомақты қаражат ұрлаған ұры ұсталды Редактор 08.08.2022 7494 1 оқу мин Ұрлықты кәсіп қылғандардың түбінде барар жері темір тор. Алайда қолға түспеймін ау деген үмітпен қылмысқа баратындардың қатары сейілер емес. Жуырда Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданының тәжірибелі тәртіп сақшылары үй ұрысын құрыққа іліндірді. Жергілікті тұрғын Сарыағаш АПБ-ға пәтер ұрлығы жөнінде шағым түсірген болатын. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның үйіне белгісіз біреу кіріп, жатын бөлмесінде тұрған 1 500 000 теңге ақшасы мен 600 АҚШ долларын ұрлап кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Ұрлықты ашу мақсатында сарыағаштық тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер қажетті іс-шаралар кешенін жүргізіп, жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәлардан сұрастырды, сондай-ақ бейнебақылау камераларын тексерді. 3 күн бойы жан-жақты жинақталған мәліметтер мен табылған айғақты заттарды саралай келе, тәртіп сақшылары қылмысқа күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Белгілі болғандай, үй ұрысы жәбірленушінің үйіне түнгі уақытта терезе арқылы кіріп, ақшаны жымқырып кеткен. Сондай-ақ күдікті өзгенің ақшасын бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі уақытта күдікті жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 10980 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 12701 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 15211