Әлеумет Қос азаматтық алып жүрген ер адам анықталды Редактор 08.08.2022 3543 1 оқу мин ҚР Конституциясында қос азаматтық көзделмеген. Алайда аталған заң талабын ескергісі келмейтіндердің қатары аз емес. Ал ол үшін заң бойынша жаза көзделгені белгілі. Түркістан облысына қарасты Келес ауданы полиция бөлімінің полицейлері Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын тексеру кезінде, оның қос азаматтықты қабылдап, құжаттанғанын анықтады. Яғни ол Қазақстан азаматы бола тұра, 2015 жылы Ресей Федерациясына жұмыс жасау үшін барып, сол жақта үйленіп қалып кеткен. Осылайша Ресей Федерациясының төлқұжатымен құжаттанған. Алайда ер азамат заңға сәйкес бұл туралы мемлекетке хабар бермеген. Яғни ер адамның Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдағаны туралы елшілікке хабарлама келіп түспеген. Ал ҚР Конституциясында қос азаматтық көзделмеген. Сондықтан полиция қызметкерлері ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігі «Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзуы» бойынша әкімшілік хаттама толтырып, іс-құжаттарды Келес ауданының сотына жолдады. Түркістан облысының полицейлері көші-қон заңнамасын бұзған әрбір адамға заңды шара көрілетіндігін ескертеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 1 оқу мин Әлеумет «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТӨЛЕБИДЕ МЕШІТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ДЕ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ 27.04.2024 429 ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРЛЕРІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ Әлеумет ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРЛЕРІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ 27.04.2024 396 Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Есірткі өткізумен айналысқан Алматы тұрғыны құрықталды 26.04.2024 825