Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: facebook

Білім беру ұйымдарының басшыларының бос орындарына конкурс жарияланды: Конкурс ашық, әділ өтеді

657 просм. 👤Saq.kz 1 коммент. 🕔2022-08-08

Шымкент қалалық білім басқармасы білім беру ұйымдарының басшыларының бос орындарына конкурс жариялады. Конкурс ашық, әділ өтеді. Конкурс барысы тікелей эфирде ЮТУБ канында көрсетіледі және сақталып қалады. http://www.hr-process.kz Осы сайттың ютуб каналынан барлық комиисиялар барысын көре аласыздар. Бұл туралы Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. «Конкурстық тағайындау БжҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары туралы ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы №568 мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №432 бірлескен бұйрығы). 1. Конкурс рәсімі бірқатар кезеңдерді қамтиды: - конкурс өткізу туралы хабарландыру конкурсты жариялаған мемлекеттік органның ресми Интернет-ресурстарында, ресми әлеуметтік желі аккаунттарында жарияланады; 2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдау; -кандидаттар құжаттарының «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) (бұдан әрі - Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары) бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес болуы керек; - заңнаманы, басқарушылық құзыреттерді, педагогика және психология негіздерін білуге арналған біліктілік тестілеуі (бұдан әрі – тестілеу) болады; - кандидаттарды мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен келісу (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) жүргізіледі. -мектепке дейінгі, арнайы (психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес (бұдан әрі - ПМПК) білім беру ұйымдарының, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің (бұдан әрі - ППТК), оңалту орталығының (бұдан әрі - ОО), қосымша білім беру, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жанындағы білім беру ұйымдарының бірінші басшысы лауазымына орналасуға үміткер кандидатқа қатысты қамқоршылық кеңеспен келісу жүргізілмейді; -кандидаттармен әңгімелесуді конкурсты жариялаған мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы жүргізеді (бұдан әрі – әңгімелесу); Әңгімелесуді ведомствосында және бағынысында білім беру ұйымы орналасқан білім беруді басқару органының комиссиясы бала және жасөспірімдер жасының психологиясы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, ұжымдағы басқару және іскер өзара іс-қимыл психологиясы, кадрлық менеджмент және қызмет этикасы мәселелері бойынша теориялық білім деңгейін айқындау, сондай-ақ кандидаттың педагогикалық жетістіктерін, кәсіби және жеке қасиеттерін, ұйымдастырушылық қабілеттерін, болжанатын лауазым қызметінің перспективасын айқындауға қатысты ақпаратты нақтылау мақсатында конкурстың 1, 2, 3,4,5 - кезеңдерінің нәтижелерін ескере отырып, әңгімелесу өткізеді. Әңгімелесуді өткізу тәртібін комиссия дербес анықтайды. Конкурсқа қатысу үшін өтініш пен құжаттар осы хабарландыру мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланғаннан кейін Халыққа қызмет көрсету орталығының бөлімшелері арқылы қабылданады. Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні (04.08.2022 ж.-12.08.2022 ж. аралығы) ішінде жүргізіледі. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген нысандар (5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, №075 нысан, т.б) бойынша құжаттарды тапсыруды сұраймыз. Сонымен қатар, құжаттардың көшірмесі нотариалды куәландыруды қажет етпейді. Сұрақтар туындаған кезде 8775-118-56-10, 87252 53-90-69 нөміріне хабарласуыңызды сұрайды. 1. «№29 А.Молдағұлова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Гагарин көшесі, 22 ғимарат; 2. «№34 Гагарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, М.Ауэзов көшесі, ғимарат №15; 3. «№129 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Сауле тұрғын үй алабы; 4. №4 «Сайрам балалар саз мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын үй алабы, Амур-Тимур көшесі, ғимарат №9/У. 5. «№3 Шымкент балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Мамин Сибиряк көшесі, ғимарат №6/3 үй 6. «Шымкент аграрлық-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Шымент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын үй алабы, Ю.Сареми көшесі, ғимарат№5; 7. «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Жолдыбай Нұрлыбаев көшесі, №15 ғимарат; 8. «№2 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұртас ықшам ауданы, 3977/1 ғимарат; 9. «№3 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қатын Көпір ықшам ауданы, Ғ.Ғұлам көшесі, 37 ғимарат; 10. «№4 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Оңтүстік ықшам ауданы, 142 ғимарат; 11. «№5 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, 241 кварталы, 230 ғимарат; 12. «№4 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұртас ықшам ауданы, 3977/1 ғимарат; 13. «№5 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Абай даңғылы, 13 ғимарат».

ПІКІР (1)

  1. 🕔2022-08-08 20:15:08

    Жанна

    Сәлеметсіздер ме, конкурсқа қатысқым келеді шынайы болса, сыбайлассыз тұнық болса...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН – РУХАНИ, ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ФОРУМЫ ӨТТІ

2022-09-30: ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН – РУХАНИ, ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ФОРУМЫ ӨТТІ 18 0

2022-09-30: ЕЛІМІЗДЕ ОҚУШЫЛАР БОТАНИКАНЫ ҰНАТАДЫ 20 0

2022-09-29: Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру-басты мақсат 13 0

2022-09-29: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША 86 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ 20 0

2022-09-28: “Шеврон” және QazaqGaz Қазақстандағы энергияға ауысу және газ стратегиясын әзірлеуге ынтымақтастық туралы мәлімдеді 15 0

2022-09-28: «ҚазМұнайГаз» бен «Шеврон» ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды 32 0

2022-09-27: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 26 МЕКТЕПКЕ, 3 КІТАПХАНАҒА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ 34 0

2022-09-26: ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚТАР "ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ" ШАБАНДОЗДАРЫН ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ 42 0

2022-09-21: ТҮРКІСТАН: «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ - 2022» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ 35 0

2022-09-21: Мектеп асханалары мен дәретханаларына мониторингінің екінші кезеңі басталды 129 0

<=Қаз 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея