Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: facebook

Аймағамбетов баласына мектеп формасын қанша теңгеге сатып алғанын айтты

486 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-08-16

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ұлының мектеп формасын қайдан және қанша теңгеге алғанын айтты, - деп хабарлайды saq.kz. Үкімет отырысынан кейін журналистер министрден балаларына мектеп формасын қанша теңгеге сатып алғанын сұрады. Министрдің айтуынша, әзірге мектеп жасындағы бір баласы бар. "Осы демалыста баламды ертіп дүкенге бардым. Бірнеше ақ жейде, шалбар, костюм, галстук алдық. Бағасына келсек, 35 мыңға жуық ақша кетті. Қайдан десеңіздер, "Гласман" атты дүкенге барып, жұртпен бірге кезекке тұрып, 36-өлшемді киім алып қайттық. Барлық отбасылар секілді біз де мектепке дайындықты бастадық", - деп жауап берді министр. Сонымен қоса министр телграмм каналындағы министрліктің парақшасында дәлел ретінде төленген чекті қоса тіркеген. Сондай-ақ, министр әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға мектеп жарағын алуға көмек көрсетілетінін еске салды. "Биыл өте маңызды екі шешім қабылдадық. Бұл мәселені ата-аналар үш жыл бойы көтерген еді. Біріншіден, оқушыларға шақ емес, жеңі салбырап тұратын мектеп формалары таратылатын. Бұл мәселені шешу үшін формаға қажетті қаражатты ата-ананың жеке шотына аударуды ұйғардық. Бұл жұмыстар жүргізіліп жатыр. Екіншіден, мысалы Солтүстік Қазақстанда былтыр бір оқушыға 17 мың теңге ғана бөлінетін. Кей өңірлерде 20 мың, кей өңірлерде 25 мың теңге беріліп келген. Енді биыл қаражаттың ең төменгі деңгейін 37 мыңға дейін көтердік. Кей өңірлерде, мысалы Алматы қаласында 43 мың теңгеге дейін көбейтілді. Біз мұны қолдаймыз. Бұл шешімдер 475 мың баланың мәселесін шешуге көмектестеді", - деді Асхат Аймағамбетов. Қарапайымдылығымен әрі қолға алған жобаларын сәтті жүзеге асырып, көпшіліктің көзайымына айналған министрдің бұл жолғы әрекеті де жұртшылықты сүйсінтті.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН – РУХАНИ, ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ФОРУМЫ ӨТТІ

2022-09-30: ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН – РУХАНИ, ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ФОРУМЫ ӨТТІ 18 0

2022-09-30: ЕЛІМІЗДЕ ОҚУШЫЛАР БОТАНИКАНЫ ҰНАТАДЫ 20 0

2022-09-29: Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру-басты мақсат 13 0

2022-09-29: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША 86 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ 20 0

2022-09-28: “Шеврон” және QazaqGaz Қазақстандағы энергияға ауысу және газ стратегиясын әзірлеуге ынтымақтастық туралы мәлімдеді 15 0

2022-09-28: «ҚазМұнайГаз» бен «Шеврон» ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды 32 0

2022-09-27: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 26 МЕКТЕПКЕ, 3 КІТАПХАНАҒА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ 34 0

2022-09-26: ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚТАР "ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ" ШАБАНДОЗДАРЫН ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ 42 0

2022-09-21: ТҮРКІСТАН: «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ - 2022» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ 35 0

2022-09-21: Мектеп асханалары мен дәретханаларына мониторингінің екінші кезеңі басталды 130 0

<=Қаз 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея