Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: фото moscow-portal.info

Шетелдік көліктерді заңдастыру: Он мыңдаған көліктің құжаты жоқ

87 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-09-02

Ресейдің тіркеу нөмірімен Қазақстанда жүрген он мыңдаған автокөлік заңдастыруға келмейді. Өйткені, иелерінің қолында техникалық паспорты мен сақтандыру полисі ғана бар. Алайда, заңды түрде тіркеуге қоюға керек негізгі құжаттар жоқ, деп хабарлайды Экспресс К.  1 қыркүйекке дейін елге кірген шетелдік көліктерді аз қаражат төлеп заңдастыру керек деген президенттің тапсырмасы Армения, Ресейдің тіркеуіндегі көлік иелерін қуантты. Бірақ, он мыңдаған көлік Қазақстанның заңына сай заңдастырыла ма, жоқ па, белгісіз. Еліміздің мемлекеттік тіркеуінен өту үшін ондай көлік иелері машинаны заңды жолмен сатып алғандарын дәлелдеуі керек. Яғни, сату-сатып алу туралы келісімшарт немесе түпкі иесінің сенімхаты керек. Ал, көп жүргізушінің қолында ондай құжат атымен жоқ. Осылайша, көлікті заңдастырудың нақты бір тәртібі белгісіз болған соң, нарықта шетелдік көліктердің бағасы әзірге бірқалыпты болып тұр. Аса қымбаттамаған. Қолымда тек техникалық паспорты бар. Өз атыңызға сақтандыру алып, уайымсыз мініп жүре бересіз. Сенімхат жоқ, мен ғана емес, бәрінде жоқ. Енді бір шешімі болар деген үміттемін. Алайда, әзірге көлігімнің бағасын қымбаттатқан жоқпын, — дейді Ресейдің тіркеуіндегі Toyota Estima көлігінің иесі. Ал, Toyota Camry 50 көлігінің иесі егер көлігін заңдастыру үшін сату-сатып алу туралы шарт пен сенімхан сұраса, сатып әуре болмаймын дейді. Көлігімді заңдастырарда Қазақстанның тіркеу нөмірін берсе деймін. Әйтпесе, кезінде, Армениядан келген көліктерге "сары" нөмір берген, — дейді ол. Дегенмен, Ресейдің тіркеуінде тұрған көліктердің бәрі дерлік құжатсыз жүр деуге болмайды. Статистикаға сенсек, шетелдік нөмірмен жүрген көліктердің көбінде құжат бар. Естеріңізге сала кетейік, Ішкі істер министрлігінің былтырғы мәлімдемесіне сенсек, Қазақстанда ресейлік нөмірмен жүрген 210 мыңнан астам автокөлік бар. Соның ішінде, 150 мың адам тиісті құжатымыз бар дегенді айтқан. Ал, дәл қазір Қазақстанның кедендік рәсімін жасамаған 30 мыңнан астам темір тұлпар сатылымда тұр.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН – РУХАНИ, ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ФОРУМЫ ӨТТІ

2022-09-30: ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН – РУХАНИ, ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ФОРУМЫ ӨТТІ 18 0

2022-09-30: ЕЛІМІЗДЕ ОҚУШЫЛАР БОТАНИКАНЫ ҰНАТАДЫ 20 0

2022-09-29: Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру-басты мақсат 13 0

2022-09-29: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША 86 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ 20 0

2022-09-28: “Шеврон” және QazaqGaz Қазақстандағы энергияға ауысу және газ стратегиясын әзірлеуге ынтымақтастық туралы мәлімдеді 15 0

2022-09-28: «ҚазМұнайГаз» бен «Шеврон» ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды 32 0

2022-09-27: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 26 МЕКТЕПКЕ, 3 КІТАПХАНАҒА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ 34 0

2022-09-26: ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚТАР "ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ" ШАБАНДОЗДАРЫН ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ 42 0

2022-09-21: ТҮРКІСТАН: «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ - 2022» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ 35 0

2022-09-21: Мектеп асханалары мен дәретханаларына мониторингінің екінші кезеңі басталды 130 0

<=Қаз 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея