Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: фб

Депутат министр Аймағамбетов асығыс шешім қабылдап жүргенін айтты

842 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-09-09

Парламент сенатының депутаты Динар Нөкетаева оқу-ағарту министрлігінің кейбір шешімдері асығыс екенін айтып, сынға алды, деп хабарлайды Экспресс К.  Кейінгі кезде еліміздің білім жүйесінде асығыс шешімдер жиі қабылданатыны жасырын емес. Мәселен, оқу-ағарту министрлігі ата-аналармен алдын ала талқылаусыз, егжей-тегжейлі пысықтаусыз кейбір мектеп пәндері бойынша сағаттарды қысқартты, — дейді Динар Нөкетаева. Оның айтуынша, жаңа оқу жылынан бастап орыс тілі мен әдебиеті, дене шынықтыру пәндері бойынша сыныпта оқушылар бұрынғыдай топтарға бөлінбейтін болған. Мұндай шешімді министрлік қабылдағанымен, бүкіл педагогикалық қауымдастық арасында үлкен наразылық туғызған. Бұл әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Ол, әрине, мектеп бюджетін үнемдейтін болар. Бірақ мұғалімдер жүктемесінің төмендеуіне әкелетіні сөзсіз. Мұндай үнемдеу қандай қажеттіліктен туындап отыр? — дейді сенатор. Оның айтуынша, орта және жоғары сыныптағы оқушыларды дене шынықтыру пәнінде топтарға бөлмей, аралас оқыту — ғылыми ортамен, тәуелсіз сарапшылармен талқыланбай, оқу процесіне енгізілген. Ол жерде гендерлік бөлу мәселесіне ғылыми тұрғыда қарау керек. Яғни, ұлдар мен қыздардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет еді. Тіпті олимпиада мен спартакиада, сондай-ақ спорттық ойындарда аралас командалар жоқ. Себебі бұл қауіпсіздік ережелеріне қайшы келеді, — дейді депутат, Ол осыған байланысты дене шынықтыру мұғалімдері президентке жоғарыда аталған шешімді қайта қарауды сұрап, ашық хат жазды. Кәсіподақ та теріс пікір білдірді. Бұл педагогтардың табысының төмендеуіне әкелді. Бұдан былай дене шынықтыру мұғалімдері айына тек 95 мың теңге ғана айлық алады деді. Бұл жағдай мұғалімдерге қосымша жұмыс істеуді қажет етеді, — дейді Динар Нөкетаева. Ол сонымен қатар мұғалімдердің окладтық жүйеге көшкеніне қатысты да мәселе көтерді. Сенатордың айтуынша, бұрын мұғалім бос уақытын біліктілігін арттыруға арнайтын. Енді 8 сағат мектеп қабырғасында өткізуге мәжбүр болып отыр.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН – РУХАНИ, ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ФОРУМЫ ӨТТІ

2022-09-30: ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН – РУХАНИ, ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ФОРУМЫ ӨТТІ 18 0

2022-09-30: ЕЛІМІЗДЕ ОҚУШЫЛАР БОТАНИКАНЫ ҰНАТАДЫ 20 0

2022-09-29: Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру-басты мақсат 13 0

2022-09-29: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША 86 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ 20 0

2022-09-28: “Шеврон” және QazaqGaz Қазақстандағы энергияға ауысу және газ стратегиясын әзірлеуге ынтымақтастық туралы мәлімдеді 15 0

2022-09-28: «ҚазМұнайГаз» бен «Шеврон» ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды 32 0

2022-09-27: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 26 МЕКТЕПКЕ, 3 КІТАПХАНАҒА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ 34 0

2022-09-26: ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚТАР "ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ" ШАБАНДОЗДАРЫН ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ 42 0

2022-09-21: ТҮРКІСТАН: «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ - 2022» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ 35 0

2022-09-21: Мектеп асханалары мен дәретханаларына мониторингінің екінші кезеңі басталды 130 0

<=Қаз 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея