Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: фб

КЕЛЕСТІК ОҚУШЫЛАР ҚОҚЫС ЖИНАЙТЫН РОБОТ ҚҰРАСТЫРДЫ

24 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-09-10

Түркістан облысы, Келес ауданындағы №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп гимназияның 9-сынып оқушылары Шалдыбаева Ұлмекен мен Аманбай Нұрсила қоқыс жинайтын робот құрастырды. Жас зерттеушілердің «Қоқыс жинайтын робот» тақырыбындағы зерттеу жұмысын жазу барысында оқушылар бұл саланың өзекті мәселелерін терең зерттеген. Олардың осы тақырыптағы ғылыми ізденісі «Оқушылардың аудандық жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар» конкурсында жоғары бағаланды. Қыздардың ғылыми жетекшісі Аягөз Жораевнаның айтуы бойынша, ғылыми жобаның мақсаты - робот техникасының негіздерін, қолдану салаларын, олардың түрлерін, мүмкіндіктерін зерттеу. - Бүгінде роботтар - қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғарғы технологияларының бірі. Олар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және басқа да салаларға еніп үлгерді, әсіресе өндіріс орындарында көбірек пайдаланылады. Оқушылар жеке тәжірибе арқылы роботтың жұмыс жасау принциптерін бақылады. Жас зерттеушілер бұл жобамен бірнеше жылдан бері айналысып келеді,- дейді информатика пәнінің мұғалімі. Жастардың жүргізген сауалнамасы бойынша көптеген балалар Lego конструкторымен ойнағанды ұнатады. Жас зерттеушілер болашақта компьютерлік IT технологияларды меңгеру, программист мамандығын меңгергісі келеді.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН – РУХАНИ, ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ФОРУМЫ ӨТТІ

2022-09-30: ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН – РУХАНИ, ҚАУІПСІЗ ҚАЛА» ФОРУМЫ ӨТТІ 18 0

2022-09-30: ЕЛІМІЗДЕ ОҚУШЫЛАР БОТАНИКАНЫ ҰНАТАДЫ 20 0

2022-09-29: Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру-басты мақсат 13 0

2022-09-29: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША 86 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ 20 0

2022-09-28: “Шеврон” және QazaqGaz Қазақстандағы энергияға ауысу және газ стратегиясын әзірлеуге ынтымақтастық туралы мәлімдеді 15 0

2022-09-28: «ҚазМұнайГаз» бен «Шеврон» ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды 32 0

2022-09-27: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 26 МЕКТЕПКЕ, 3 КІТАПХАНАҒА ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ 34 0

2022-09-26: ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚТАР "ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ" ШАБАНДОЗДАРЫН ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ 42 0

2022-09-21: ТҮРКІСТАН: «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ - 2022» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ 35 0

2022-09-21: Мектеп асханалары мен дәретханаларына мониторингінің екінші кезеңі басталды 129 0

<=Қаз 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея