Руханият ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР ГАСТРО-ФЕСТИВАЛІ ӨТІП ЖАТЫР Редактор 01.10.2022 2583 1 оқу мин Түркістан қаласында алғаш рет «GASTRO FEST TURKISTAN — 2022» атты ауқымды гастрономиялық фестиваль басталды. Шараның негізгі мақсаты — қазақтың ұлттық тағамдарын насихаттау, туристер үшін еліміздің қонақжайлығын көрсету. Аталған іс-шараны, Түркістан облысының Туризм басқармасына қарасты «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырып отыр. Фестиваль аясында қаланың үздік мейрамханалары мен дәмханалары ұлттық тағамдар мен стрит-фуд дәмділерін әзірлемек. Сағат 16:00-де марапаттау рәсімі өтеді деп жоспарлануда. Ұлттық тағамдарды ұлықтаған шара концерттік бағдарламалар мен қызықты ойындарға ұласпақ. Шара аясында жылдам тамақтану бойынша конкурстар, жергілікті аспаздардың шеберлік сыныптары және тағы басқа думанды іс-шаралар өтеді. Думанды шара кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы «Neke tour» байқауын жариялайды 1 оқу мин Руханият «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы «Neke tour» байқауын жариялайды 04.04.2024 5819 КЕНТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ 1 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН 1 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ 1 оқу мин Руханият КЕНТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ 1 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН 1 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ 20.03.2024 7280 ТҮРКІСТАНДЫҚ БИШІЛЕР ЭТНО СТИЛЬДЕГІ ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТОПТАМАСЫН КӨРСЕТТІ 1 оқу мин Руханият ТҮРКІСТАНДЫҚ БИШІЛЕР ЭТНО СТИЛЬДЕГІ ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТОПТАМАСЫН КӨРСЕТТІ 18.03.2024 8304