Экономика Сарыағаш ауданында электро-шәйнек шығарыла бастады Редактор 04.10.2022 1706 1 оқу мин Сарыағаш ауданында электро-шәйнек және еден сүрткіш жабдығын құрастыратын цех өз жұмысын бастады. «Bah_Asmar» ЖШС-на қарасты өндіріс орны күніне 600-700 дана электро-шәйнек және 10 000 дана еден сүрткіш шығарады. Цех 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта жеке кәсіпкер Қ.Егембердиев өз кәсібін ұлғайтып, өндіріс қуаттылығын күніне 2 600 данаға жеткізіп, қосымша жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Серіктестіктің жұмысымен танысқан аудан әкімі М.Отаршиев өңірде кәсіптің көзін тапқан жас кәсіпкерлердің саны күн санап артып жатқанын айтты. «Сұранысқа ие өнімнің ең бастысы отандық екендігі көңіл қуантады. Бастысы халыққа қолжетімді бағада, сапалы болса, басты жетістік осы. Алдағы уақытта өз ісін бастаған кәсіпкерге аудан әкімдігі тарапынан мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады», — деді аудан басшысы. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Сайрамдық шаруалар түйеқұс өсіруде 1 оқу мин Экономика Сайрамдық шаруалар түйеқұс өсіруде 05.03.2024 3781 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БӘЙДІБЕК АТА» СУ ҚОЙМАСЫ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БӘЙДІБЕК АТА» СУ ҚОЙМАСЫ САЛЫНАДЫ 04.03.2024 3453 ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН БИЫЛ 2640 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН БИЫЛ 2640 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ 09.02.2024 11322