Саясат ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІСІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ КАНДИДАТУРАСЫН ҰСЫНДЫ Редактор 05.10.2022 5218 1 оқу мин Ұлттық волонтерлік желісі кезектен тыс президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Бүгін елордада ұлттық волонтерлік желісінің жиыны өтті. Аталған жиында еліміздің волонтерлер қауымы 20 қарашада өтетін президент сайлауына кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты бірауыздан ұсынды. «Осы жылдар ішінде Мемлекет басшысы волонтерлік саладағы барлық маңызды бастамаларды қолдап келеді. Сондай-ақ волонтерлер мен волонтерлік ұйымдардың қызметін және еңбегін жоғары бағалады. Президент волонтерлерге үлкен сенім артады, Мемлекет басшысының қолдауы бізді шабыттандырады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа деген сенім мандатымыз еліміздің көркеюі мен халқымыздың мүддесі үшін бағытталған. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардың жемісін барша қазақстандық көріп отыр. Біздің Президентіміз волонтерлік қозғалысты қолдайды, ендеше біз де өз Президентімізді қолдаймыз», — деді ұлттық волонтерлік желісінің төрағасы Вера Ким. Оның айтуынша, бүгінде елімізде 200 мыңнан астам волонтерді қамтыған 600-ден астам волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Айта кетсек, Президент 2020 жылды еріктілер жылы деп жариялау туралы бастаманы қолдады. Еріктілер дәрігерлермен және басқа қызметтермен бірге COVID-19 пандемиясымен күрестің алдыңғы қатарында болды. Волонтерлік жобалар кезінде пандемияның күрделі кезеңінде көрсеткен белсенділігі үшін 5 мың қазақстандыққа «Халық Алғысы» медалі тағайындалған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ҚАЗАҚ ЖАЙЛЫ ТУЫНДЫ 1 оқу мин Саясат ҚАЗАҚ ЖАЙЛЫ ТУЫНДЫ 25.04.2024 1773 Түркістаннан Самарқанға тұрақты әуе қатынасы қатынайды 1 оқу мин Саясат Түркістаннан Самарқанға тұрақты әуе қатынасы қатынайды 24.04.2024 2042 ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 1 оқу мин Саясат ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 07.04.2024 6215