Саясат ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ ЕРТЕҢ 18:00-ДЕ АЯҚТАЛАДЫ Редактор 10.10.2022 3750 1 оқу мин 2022 жылдың 22 қарашасында кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Қоғамдық бірлестіктер атынан Президент сайлауына 5 үміткер ұсынылды. Кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталған болатын. Науқан 19 күнге, яғни 11 қазан күні кешкі сағат 18:00-ге дейін созылады. Президенттікке кандидаттарды республикалық қоғамдық бірлестіктер мен партиялар ұсынады. Орталық сайлау комиссиясы 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында үміткерлердің Конституция мен сайлау заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді. Осы уақыт ішінде Президент сайлауына 5 кандидат ұсынылды. Олар: Жигули Дайрабаев — «Ауыл» партиясы атынан; Нұрлан Әуесбаев — Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан; Мейрам Қажыкен — «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі атынан; Қасым-Жомарт Тоқаев — Халықтық коалиция атынан; Қарақат Әбден — «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» бірлестігі атынан. Айта кетейік, ҚР Президенттігіне кандидаттардың әрқайсысы 118 000 қол жинауы керек. Үміткерлер үшін сайлау жарнасының мөлшері — 3 млн теңге. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 1 оқу мин Саясат ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 07.04.2024 3719 БЕЙЖІҢДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ NAURYZFEST ӨТКІЗДІ 1 оқу мин Саясат БЕЙЖІҢДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ NAURYZFEST ӨТКІЗДІ 31.03.2024 4422 ТҮРКІСТАНДА «ҒАСЫР ДАНАСЫ – ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТІП ЖАТЫР 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАНДА «ҒАСЫР ДАНАСЫ – ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТІП ЖАТЫР 29.03.2024 3860