Саясат ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: БІРНЕШЕ ҮМІТКЕРДІҢ КАНДИДАТУРАСЫ ТАЛАПҚА САЙ БОЛМАЙ ШЫҚТЫ Редактор 13.10.2022 3332 1 оқу мин Кезектен тыс президент сайлауына үміткер үш азамат Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында көрсетілген талаптарға сәйкес болмай шықты. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 54-бабына, 59-бабының 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының Қаулысымен Хайрулла Мағауияұлы Габжалилов, Талғат Файзоллаұлы Ерғалиев және Фатима Бизақова Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден өте алмады. Айта кетейік, 11 қазанда Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну аяқталды. Енді үміткерлерді тіркеу, қол жинау 21 қазанға дейін жалғасады. Әр кандидат 118 273 сайлаушының қолын жинауы тиіс. Еске салсақ, елімізде 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Түркістан облысының Өңірілік коммуникациялар қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 1 оқу мин Саясат ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 07.04.2024 5125 БЕЙЖІҢДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ NAURYZFEST ӨТКІЗДІ 1 оқу мин Саясат БЕЙЖІҢДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ NAURYZFEST ӨТКІЗДІ 31.03.2024 5312 ТҮРКІСТАНДА «ҒАСЫР ДАНАСЫ – ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТІП ЖАТЫР 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАНДА «ҒАСЫР ДАНАСЫ – ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТІП ЖАТЫР 29.03.2024 5002