Саясат ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ Редактор 13.10.2022 2010 1 оқу мин Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Қоғам санасында азаматтық бірегейлікті қалыптастырудағы тосқауылдар және оны шешу жолдары» тақырыбында семинар өтті. Жиынды Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев сөз сөйлеп, ашып берді. Басқарма басшысы өз сөзінде мемлекеттілікті нығайту жолында ел бірлігін бекемдеу, патриоттық сезімді сіңіру маңызды екеніне тоқталды. Семинар барысында ОҚМПУ-нің «Рухани жаңғыру» және тәрбие бөлімі басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев баяндама жасады. Аталған іс-шара қоғамда ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, мемлекеттің ұлттық саясатының ең басты бағыт-бағдары болып табылатын ұлттық және азаматтық бірегейлікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған. Сонымен қатар семинарда мемлекеттің жан-жақты ойластырылған этносаясаты мен қоғамды демократияландыру процесіндегі жетістіктері насихатталды. Семинарда ОҚМПУ-нің «Маркетинг және мансап» департаментінің басшысы, заңгер-ғалым, Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі Ғалымжан Битұрсын және Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің мүшесі, медиатор Бақытжан Бейсембаев өз пікірлерін ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті. Түркістан облысының Өңірілік коммуникациялар қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 1 оқу мин Саясат ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 07.04.2024 3941 БЕЙЖІҢДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ NAURYZFEST ӨТКІЗДІ 1 оқу мин Саясат БЕЙЖІҢДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ NAURYZFEST ӨТКІЗДІ 31.03.2024 4568 ТҮРКІСТАНДА «ҒАСЫР ДАНАСЫ – ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТІП ЖАТЫР 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАНДА «ҒАСЫР ДАНАСЫ – ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТІП ЖАТЫР 29.03.2024 4182