Экономика 66 азамат қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп отыр Редактор 19.10.2022 2036 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданының экономикалық дамуы қарқынды қолға алынған. Ауыл шаруашылығы, туризм және өнеркәсіп саласының даму қарқынына баса назар аударылып отыр. Бүгінде ауданның инфрақұрылымын арттыру, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Биыл Еңбекші және Майлыкент ауылдарында жаңа мектептер пайдалануға беріледі. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 11 елді мекенде 32 жоба іске асырылуда. Амангелді, Абайыл және Таусағыз елді мекендерінде 3 мектептің құрылысы жүруде. Ал Кершетас елді мекенінде мектепті күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынып, жаңа мәдениет үйінің құрылысына қажетті қаржы қарастырылды. Ақбиік, Келтемашат, Рысқұл, Шұқырбұлақ елді мекендерінде 4 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде. Түлкібас ауданында бүгінде ірі кәсіпорындар жұмыс істейді. Солардың бірі – сусын шығаратын «BEIBARYS BOTTLERS» ЖШС. RC Сola атауымен сан алуан түрлі ауыз су және қош иісі бар сусындар шығаратын нысанның құрылыс жұмыстары биыл шілде айында бастау алды. Жобаның жалпы құны – 7 млрд. 600 млн. теңге. Нысан 2024 жылы пайдалануға берілмек. Іске қосылған жағдайда 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. «Кен-Тау» ЖШС-нің алма сақтайтын заманауи қоймасы бүгінде сұранысқа ие. Мемлекеттік қайтарымсыз грант алып кәсібін ашқан азаматтар мен тауар өндірушілер қатары мол. Түлкібас ауданында жыл басынан бері бизнес идеяларды жүзеге асыру бойынша 66 азамат қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп отыр. Бүгінде облыс басшысы Барлық аудан басшыларына жеке инвестициялар мен бизнес идеялар арқылы жұмыс орындарын көбейтуді тапсырды. Әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікке, жаңа кәсіпорындар ашуға басымдық беру керектігін айтты. Тұрғындарға кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттен берілетін мүмкіндіктерді түсіндіру жұмыстары да күшейтіле түседі. Бұл жағынан алғанда Түлкібас ауданы жетістіктерімен қуанта алады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 1 оқу мин Экономика Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 25.04.2024 1914 ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 08.04.2024 5450 ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ Экономика ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ 04.04.2024 5405