Экономика Ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды Редактор 20.10.2022 1656 1 оқу мин Ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды Бүгінде Түркістан облысында өндіріс орындары қарынды дамып келеді. Ол өз кезегінде обыстың экономикасын өркендетуге өзіндік үлесін қосуда. Жуырда Астана қаласында өткен жыл сайынғы Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел (Kazakhstan GlobalInvestment Roundtable, KGIR-2022) шара аясында Түркістан облысында бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар өндірісі және ірі қара, ұсақ малға арналған құлақ тегтерін, шприцтерді және қан алуға арналған сыйымдылықтарды өндіру өндірісін бастау бойынша Түркістан облысы Инвестиция және Экспорт басқармасының басшысы Қайрат Әзімов пен «Пирамида Комплект» ЖШС, «CAPABLE GROUP» компаниясы ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Маңызды жиынға жетекші халықаралық компаниялар мен отандық бизнестің, инвесторлардың, беделді сарапшылар мен пікір көшбасшыларының 500-ден астам өкілдері шақырылған. Қазақстан жағынан салалық министрліктер мен квазимемлекеттік компаниялардың басшылары, отандық бизнес өкілдерінің жетекшілері қатысты. KGIR-2022 күн тәртібінде талқыланған мәселелер – әлемдік экономиканың дамуы, жаһандық және өңірлік инвесторлар үшін Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы мен мүмкіндіктері, жаңа экономикалық шынайылық жағдайындағы азық-түлік қауіпсіздігі мен логистика. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 08.04.2024 3370 ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ Экономика ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ 04.04.2024 3781 Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр 1 оқу мин Экономика Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр 03.04.2024 3563