Экономика Кәсіпкерлер аудан экономикасын өрлетуге сүбелі үлестерін қосуда Редактор 21.10.2022 1382 1 оқу мин Кәсіпкерлер аудан экономикасын өрлетуге сүбелі үлестерін қосуда Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданында кәсіпкерлікпен айналысатындардың қатары артып келеді. Олар аудан экономикасын өрлетуге сүбелі үлестерін қосуда. Түркістан қаласындағы «Эко-базар» әмбебап сауда орталығында Түркістан облысы ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Жәрмеңеге Бәйдібек ауданының 11 ауылдық округінен шаруалар қатысып, 10 тоннаға жуық өнімі шығарылды. Олар жылқы, сиыр, қой еттері мен айран-сүт, құрт өнімдері. Жалпы Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан жәрмеңкеде бәйдібектіктер шығарылған өнімдерін төмен бағада сатуда. Бүгінгі жәрмеңкеде Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Елордада өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне белсене қатысқаны үшін аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Күмісбек Ахметов пен «Қозыке» ӨК-не Астана қаласы әкімінің алғыс хатын табыс етті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Сайрамдық шаруалар түйеқұс өсіруде 1 оқу мин Экономика Сайрамдық шаруалар түйеқұс өсіруде 05.03.2024 3781 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БӘЙДІБЕК АТА» СУ ҚОЙМАСЫ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БӘЙДІБЕК АТА» СУ ҚОЙМАСЫ САЛЫНАДЫ 04.03.2024 3667 ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН БИЫЛ 2640 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН БИЫЛ 2640 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ 09.02.2024 11474