Экономика Түркістандықтар ота жасату үшіни шетелге бармайды Редактор 22.10.2022 1212 1 оқу мин Бүгінде Түркістан облысына инвестиция тарту қарқынды түрде жүргізілуде. Өңірдің экономикалық өрлеуі, климаттық жайлылық, халықтың тығыз орналасуы да инвесторлар тартудың тиімді тетігі болып отыр. Күні кеше Түркістанға арнайы сапармен келген Басқұртстанның Уфа қаласында орналасқан «OPTIMED» лазерлік көруді қалпына келтіру орталығының профессоры Булат Азнабаев облыстың инвестициялық әлеуетімен танысты. Жоғары дәрежелі офтальмохирург-дәрігерге облыстық инвестиция және экспорт басқармасы басшысының орынбасары Қанат Шонбасов пен «Turkistan invest» агентігінің өкілдері облыс орталығындағы арнайы экономикалық және индустриалдық аймақ территориясын көрсетті. Кездесу барысында сала мамандары инвесторларға берілетін жеңілдіктермен таныстырды. Көз дәрігері Булат Маратұлының айтуынша, бүгінде лазерлік ота арқылы көру қабілетін қалпына келтіру бағытында қызмет көрсететін көз клиникаларына деген сұраныс жоғары. Сондықтан, орталыққа келетін қазақстандық емделушілердің көптігіне байланысты Қазақстанның бірнеше аймағынан көз клиникасын ашуды жоспарлап отырғанын айтты. Енді Түркістандықтар ота жасату үшіни шетелге сабылмайтын болды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Сайрамдық шаруалар түйеқұс өсіруде 1 оқу мин Экономика Сайрамдық шаруалар түйеқұс өсіруде 05.03.2024 3781 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БӘЙДІБЕК АТА» СУ ҚОЙМАСЫ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БӘЙДІБЕК АТА» СУ ҚОЙМАСЫ САЛЫНАДЫ 04.03.2024 3667 ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН БИЫЛ 2640 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН БИЫЛ 2640 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ 09.02.2024 11474