Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ Редактор 23.10.2022 5284 1 оқу мин Республика күніне орай Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сабитовтың қатысуымен Денсаулық сақтау министрлігінің ведомствалық наградаларын табыстау рәсімі өтті. Облыс әкімінің орынбасары ақ желеңді абзал жандарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов өз кезегінде медицина саласын жақсарту мақсатында еңбек етіп жүрген денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін тапсырды. Жалпы, 2021 жылы Түркістан облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы шеңберінде 4 фельдшерлік-акушерлік пункт салынып ауыл тұрғындарына пайдалануға берілді. Биыл тағы да 4 фельдшерлік пункт құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар ауылдық жерлерде және шалғай елді-мекендерде тұратын халыққа консультациялық-диагностикалық қызметтер үшін көрсету барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған жылжымалы медициналық кешендер арқылы медициналық көмек көрсетілуде. 2021 жылы 2809 медицина қызметкері біліктілігін арттырды, оның ішінде 109 қызметкер АҚШ, Түркия, Ресей елдерінде білімдерін жетілдірді. Осы жұмыстар биыл да жалғасын табуда. 2022 жылдың 9 айында 1223 медицина қызметкері біліктілігін арттырды, сондай-ақ Түркия еліне оқуға жіберу жоспарлануда. 2023 жылы 4 аудандық аурухананы (Сайрам, Ордабасы, Сарыағаш, Жетісай) көпбейінді аудандық аурухана етіп қайта құру жоспарланып отыр. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ МЕН ТҮРКИЯНЫҢ МЕДИА КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ 28.02.2025 290497 В Алматы стартовал конкурс по подготовке лучших материалов по актуальным вопросам религиозной сферы 1 оқу мин Саясат В Алматы стартовал конкурс по подготовке лучших материалов по актуальным вопросам религиозной сферы 18.02.2025 320671 Алматыда дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау байқауы басталды 1 оқу мин Саясат Алматыда дін саласының өзекті мәселелері туралы үздік материалдарды дайындау байқауы басталды 18.02.2025 328739