Экономика Өнім көлемін арттыруды тапсырды Редактор 23.10.2022 1218 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков жұмыс сапарымен Ағыбет елді мекеніне барды. Бірінші кезекті Ержігіт Шәріпбекұлы Ағыбеттегі жөндеу жұмыстары басталған көпірде болып, құрылыстың барысын бақылады. Одан кейін дене шынықтыру және сауықтыру кешеніне барды. Аталған спорт кешенінің құрылысын жүргізіп жатқан мердігермен кездесіп, нысанның құрылысы баяу жүріп жатқандығын ескертті. Өндірістік кестеге сәйкес нысанды мерзімінде бітіру керектігін айтып, сапалы жүргізуді және жауапты бөлімге қадағалауды тапсырды. Сонымен қатар аудан басшысы Есіркеп батыр атындағы мектепте болды. Аталған мектептің сыртын қаптау, шатырын ауыстыру жұмыстары жүргізілген. Мектеп директоры жөндеу жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Бұдан кейін аудан әкімі аудандағы өндіріс орындарын аралады. Экономикаға серпіліс беріп отырған өндіріс ошақтарының жай күйімен танысты. Өнім өндіруде ілгерілеушілік танытып отырған серіктестік басшыларына алдағы уақытта жаңа жобаларды жүзеге асыруға пәрмен берді. Бұдан кейін келесі күні аудан әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Бағдатбек Жанғазиев Алмалы ауылдық округіне жұмыс сапармен барды. Сапар барысында Бәйдібек ата елді мекеніндегі құрылысы басталған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды. Аталған спорт кешінінің құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекеменің басшысымен кездесті. Атқарылып жатқан жұмыстарды аралап көріп, сапасына мән беруді тапсырды. Сонымен қатар Б.Жанғазиев Қосана кесенесіндегі жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысын бақылады. Жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша бірқатар ескертулер айтып, мердігер мекеме мен жауапты бөлімге тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ Бағдатбек Пердебайұлы Ағыбет ауылындағы құрылысы жүргізіліп жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды. Аталған нысан бойынша алдынғы аралауларда айтылған сын ескертпелер жөнінде атқарылған жұмыстарды көріп, жауапты бөлімге бақылауға алуды тапсырды. Ағыбет ауылындағы спорт кешенінің құрылысы жылдың соңына дейін аяқталып пайдалануға беру жоспарлануда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 08.04.2024 3521 ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ Экономика ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ 04.04.2024 3894 Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр 1 оқу мин Экономика Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр 03.04.2024 3736