Экономика Ақпараттық бағыттағы жұмыстарды жандандыруда Редактор 24.10.2022 1533 1 оқу мин Бүгінде тұтынушылардың құқығын қорға мәселесі өткір тұр. Әрбір тұтынушының құқығы қорғалуы тиіс. Ол үшін Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ҚР заңнамасы ҚР Конституциясына негізделеді және Азаматтық Кодекстен, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңнан және ҚР басқа нормативтік актілерінен құралатындығы туралы ескертпе таратуда. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау: тұтынушылардың экономикалық мүдделеріне жәрдемдесу және осы мүдделерді қорғау; сатушы (дайындаушы, орындаушы) ұсынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) туралы ақпараттың қолжетімділігі және дұрыстығы; өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде тұтынушыларды ағарту, тұтынушының құқықтық сауаттылығын арттыру; тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың оларды қорғауды қамтамасыз ететін іс-шаралардың дәйектілігіне негізделген тиімді жүйесін қамтамасыз ету; электрондық коммерцияда тұтынушылардың заңды мүдделерінің басқа сауда нысандарында ұсынылатын қорғау деңгейінен кем емес қорғалуын қамтамасыз ету; тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, қауымдастықтардың (одақтардың) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қатысуы; тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен (жұмыстармен, қызметтермен) қамтамасыз ету қағидаттары негізінде жүзеге асырылады («Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 2-1-бабы). Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылатынын департамент мамандары ескетуде. Бұдан бөлек, департамент мамандары арнайы семинарлар ұйымдастырып, ақпараттық бағыттағы жұмыстарды жандандыруда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 08.04.2024 3370 ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ Экономика ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ 04.04.2024 3781 Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр 1 оқу мин Экономика Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр 03.04.2024 3563