Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі
Оңтүстік жастары: OPEN SHYMKENT БІРЫҢҒАЙ СЕРВИС ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Саясат: Жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесі мен құқық бұзушылығы бойынша жиын өтті
Әлеумет: Археологический объект Гордион становится 20-м историческим наследием Турции, внесенным в Список всемирного наследия ЮНЕСКО
Нарық: ТҮРКІСТАН МЕН ВАН ҚАЛАЛАРЫ АРАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ТҮЗІЛДІ
Руханият: ТҮРКІСТАНДА THE SPIRIT OF TURKISTAN ЗАМАНАУИ ЭТНИКАЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТТІ
Сыр-сандық: Бейсен Құранбек, тележүргізуші: «Айтуға оңай» арқылы алғысқа бөлендік...
Қазақстан 2050: Жас мамандар үшін келелі кеңес
Спорт: Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Күлмекке жақсы: «Запорожец»-тің артқы есігі
Ақ отау: Күйеуің адал болу үшін…
Кәсіп болмай нәсіп болмас: Күбі жасайтын шебер
Бай болғың келсе...: Кедейлік психологиясынан арылмай, ешқашан байи алмаймыз

Фото: фб

Саумалмен сауықтыру кешенін ашты

1525 просм. 👤Saq.kz 1 коммент. 🕔2022-11-17

Тұмса табиғатымен таңғалдыратын Төлеби ауданында бүгінде кәсіпкерлік мықтап дамуда. Кәсіпкерліктің көзін тапқандар нәпақасын молынан табуда. Таудың баурайында орналасқан ауданда қандай кәсіп бастасаң да берекесі молынан болады. Сулы да нулы өңірде бау бақшасын жайқалтып, төрт түлігін сайлап отырғандар жетерлік. Тау баурайында отырғандар қымыз кәсібін дамытып, бүгінде нәсібесін арттырып отыр. Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданында бүгінде “Кәсіпкерлік қырандары” жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Осы жобаның қатысушысы Бағлан Рысбаев мақсаты айқын, еңбексүйгіш азаматтардың бірі. Жұбайымен зайыбымен ақылдасып, кәсіпкерлікті қолға аламыз деген шешімге тоқталды. «Атамекен кәсіпкерлер» палатасынан алған келелі кеңес, бағыт-бағдар оның өз ойын жүзеге асыруына әсерін тигізді. Сонымен, “Бизнестің жол картасы 2025 “ бағдарламасына әйелі Еспенбетова Эльмира қатысып, грант ұтып алды. Кәсібін ары қарай жетілдіруді мақсат еткен Рысбаевтар Төлеби өңірлік палатаға жоспарлаған кәсібін ұсынып, "Кәсіпкерлік қырандары" жобасына қатысты. Нәтижесінде ойлаған кәсіптерін ашуға мүмкіндік туып, қат-қабат жұмысқа кірісіп кетті. Бағлан мен Эльмира мемлекеттен берілген грантты тиімді пайдаланып, Диханкөл ауылынан "Дихантау" саумалмен сауықтыру орнын ашып, тұрғындардың денсаулықтарын нығайтуларына үлестерін қосуда. Бұл шипалы сусынға үлкеннен де, кішіден де сұраныс мол. Кәсіптерін ашу барысында 4 адамды жұмыспен қамтыды. Аталған орталықтың атағы алысқа кетіп, бүгіне Атырау, Ақтау, Оралдан арнайы келетіндердің қатары көбейген. Шипалы сусынмен дендерін сауықтырып, алғысын жаудырып кетіп жатқандардың қатары қалың. Алдағы уақытта келушілердің қатары тағы да артатыны сөзсіз. Таудың дәруменге бай шөбін жейтін жылқы жануарының шипалы сусынының дәмі бал татиды. Аталмыш саумалмен сауықтыру орталығы 15-20 адамға арналған. Келешекте кәсіптері дамып, жұмыс ауқымы кеңейіп, тұтынушы да, жұмыспен қамтылушының да саны артатына сенеді. Кәсіпкерлерге мемлекет барынша жағдай жасауда. Осы мүмкіндікті пайдлана алғандар кәсібін дөңгелетіп отыр. Ауылдастарына екі қолға бір күрек тауып беріп және алғысқа бөленіп отыр. Алдағы уақытта жұмыскерлердің қатарын арттыру да ойда бар. Мақсаты айқын жандар, тәуекел еткендердің алмайтын қамалы жоқ. Ендеше кәсіп бастап, несібені молайту де әркімнің өз қолында.

ПІКІР (1)

  1. 🕔2023-04-08 23:06:38

    Ерлан

    Телефондарың қандай?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2023=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

26

27

28

29

30

Галерея