Экономика Туристердің қызығушылығы басым Редактор 25.10.2022 9253 1 оқу мин Туристердің қызығушылығы басым Тұмса табиғатымен таңғалдыратын Түлкібас ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жоғарылап келеді. Әсіресе тау бөктерлей орналасқан ауданға туристердің қызығушылығы басым. Соңғы әлетте ауданда туризммен айналысатын кәсікперлер қатары артып келеді. Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты Жабағылы ауылында ұлттық мереке – Республика күніне орай жаңа әкімдік ғимараты пайдалануға берілді. Айтулы шараға аудан әкімі Нұрлан Байғұт арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа ғимараттарымен құттықтады. Үш мыңнан астам тұрғыны бар Жабағылы ауылдық округіне үш елді мекен қарайды. Сонау егемендік алған жылы әкімдік құрылымдары құрыла бастаған шақта округ әкімдігі ескі үйдің ғимаратында орналасқан болатын. Сол уақыттан бүгінгі күнге дейін бұл мәселенің түйіні шешілмей келген. Жылына 4 мыңнан астам турист ат басын тірейтін аймақта аталған мәселе тұрғындар тарапынан соңғы есептік кездесулерде жиі көтеріліп келген-ді. Аталған мәселе өзекті мәселелердің қатарына алынып, облыс және аудан әкімдігі тарапынан қолдау тауып, шешіліп отыр. Мерекелік шарада ауыл ақсақалдары жаңа ғимараттың лентасын қиып, шалғай ауылға көңіл бөліп, жағдай жасап жатқан билік өкілдеріне алғыстарын жеткізді. Өткен жылдан өтпелі болып бой көтерген заманауи ғимаратта халыққа қызмет көрсететін мамандарға үшін 8 бөлме мен туристерге арналған арнайы бұрыш бар. Интернет және қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 334920 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 356271 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 364428