Экономика Кәсіпкерлер қайырымдылық шараларынан тыс қалмайды Редактор 25.10.2022 5884 1 оқу мин Кәсіпкерлер қайырымдылық шараларынан тыс қалмайды Түркістан облысының кәсіпкерлері облыс экономикасына үлес қосудан бөлек, қайырымдылық шараларынан да тыс қалмайды. Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылдық округінің Шағыр елді мекенінде 2,5 мың шаршы метр аумақты құрайтын спорт және балалар алаңшасы пайдалануға берілді. Бір мыңға жуық тұрғыны бар елді мекенде өткен шараға Арыс әкімі Гүлжан Құрманбекова мен ауыл тұрғындары қатысты. Шағырлық жеке кәсіпкер Қадырғали Сатымбековтің демеушілігімен іске асырылған жоба аясында бұдан былай қоғам арасында салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар мен спортты жанына серік ететін тұрғындар қатары көбейе түсетін болды. Жиында сөз сөйлеген Арыс әкімі ұлт саулығын нығайтуға бағытталған игі шараларға қолдау көрсеткен кәсіпкерлерге алғысын айтты. Жалпы құны 32 миллион теңгені құрайтын нысанда мың шаршы метрден асатын кіші футбол алаңшасы бар. 1 мың шаршы метрге жаяу жүргіншілер жолағы салынып, талапқа сай жарықтандырылған. Сонымен қатар, спорт алаңшасының маңында шағын демалыс аймағы салынған. Айта кетейік, Арыс қаласы мен ауылдық округтерде 86 воркаут пен ойын және спорт алаңшасы пайдалануға берілген. Бұл — 87-ші нысан. 78 нысан бюджет есебінен, 7-і демеушілер есебінен жүзеге асырылды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫНА ТОЛЫҚТЫРУЛАР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ 17.02.2025 334920 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІН ТАЛҚЫЛАДЫ 12.02.2025 356271 САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 364477