Саясат Партиялық емес байқау орталығының төрағасы кандидаттардың штаб басшыларымен кездесті Редактор 25.10.2022 4080 1 оқу мин Партиялық емес байқау орталығы республикалық штабының төрағасы президенттікке кандидаттар Жигули Дайрабаев, Мейрам Қажыкен, Қарақат Әбден, Салтанат Тұрсынбекова, Нұрлан Әуесбаевтың республикалық штабының өкілдерімен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат Партиялық емес байқау орталығына сілтеме жасап хабарлайды. Кездесу барысында Төлеген Күнәділов Партиялық емес байқау орталығының қызметімен таныстырып, алдағы сайлаудағы міндеттері туралы айтты. Штаб басшысы байқаушыларды даярлау процесіне, сондай-ақ оларды оқыту және әдістемелік қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. «Сайлау – маңызды оқиға және біз азаматтық қоғам өкілдері ретінде әділ дауыс беру үшін үлкен жауапкершілікті сезіне отырып, заңның сақталуын, сайлаудың адалдығы мен ашықтығын қадағалайтын боламыз», — деп атап өтті ол. Штаб өкілдері дауыс беру барысында заңдылық пен әділеттіліктің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың бастамасына қолдау білдірді және байқаушыларды оқыту мәселелері бойынша ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркістаннан Самарқанға тұрақты әуе қатынасы қатынайды 1 оқу мин Саясат Түркістаннан Самарқанға тұрақты әуе қатынасы қатынайды 24.04.2024 1390 ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 1 оқу мин Саясат ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 07.04.2024 5900 БЕЙЖІҢДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ NAURYZFEST ӨТКІЗДІ 1 оқу мин Саясат БЕЙЖІҢДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ NAURYZFEST ӨТКІЗДІ 31.03.2024 5762