Экономика Қазына қазанын қомақтандырып отыр Редактор 27.10.2022 3126 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының Бүгін әкімі Нұрбек Бадырақовтың төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Мәжіліс күн тәртібінде -ауданның бюджет қаржысының орындалуы, Жайылым жерлерді қайтару бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысы, ауылдық округтердегі сыртқы көрнекі ақпарат құралдарының жай күйі және сайлауға байланысты көрнекі құралдарының іліну барысы туралы баяндамалар тыңдалды. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Сихымбаева аудандағы салық түсіміне тоқталып, жыл соңына дейін бюджет қаржысының толығымен игерілетінін айтты. Салық түсімдерінің басым бөлігі кәсіпкерлерден түсіп отыр. Ордабасы ауданында ірі кәсіпорындар, жылыжайлар, құс фермалары орналасқан. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отырған өндіріс орындары, өнім өніріп, әрі қазына қазанын қомақтандыруға да көмек қолын созуда. Аудандағы күрделі мәселенің бірі -жайылымдық жер. Аталған мәселе бойынша елді мекендердегі ортақ жайылым көлемін ұлғайту жоспары әзірленіп, әр айға жоспар кестесі бекітілген. Бүгінгі күні пайдаланылмай жатқан жер иелерімен меморандумға тұру жұмыстары жүргізілуде. Аудан басшысы кейбір ауыл әкімдері тарапынан халықпен түсіндірме жұмыстарының тиісті деңгейде жүргізілмей жатқандығын тілге тиек етіп, оларға заңға сәйкес шара көрілетіндігін ескертті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 08.04.2024 3840 ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ Экономика ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ 04.04.2024 4117 Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр 1 оқу мин Экономика Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр 03.04.2024 3936