Экономика Кәсіпкер спорт кешенін сыйға тартты Редактор 27.10.2022 2413 Түркістан облысының кәсіпкерлері соңғы әлетте игілікті істерге мұрынық болып жүр. Бірі білім ошақтарын салып берсе, енді бірі спортт кешендерін сыйға тартуда. Жуырда Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданында ашық аспан астында тұңғыш рет «Мырзакент» садақ ату кешені ашылды. Мұнда балалар мен ересектер ұлттық спорт түрімен еркін айналыса алады. Қ.Мұңайтпасов орталық стдаион аумағында орналасқан нысанның ашылуына аудан басшысы, құқық қорғау органдарының басшылары, ардагер ақсақалдар мен тұрғындар қатысты. Дәстүрді жаңғыртып, рухты оятып, мақтааралдықтарға садақ атуды үйрететін кешенді ашуға қожалық төрағасы, жеке кәсіпкер Жанболат Жақсылықұлы демеушілік көрсетті. Жиында сөз сөйлеген аудан әкімі Бақыт Асанов барша тұрғындарды жаңа спорттық нысанның ашылуымен құттықтады. Айта кетейік, садақ ату – мергендікті сынайтын спорт түрі. 1900 жылдан бастап жазғы Олимпиада ойындарының тізіміне кірген. Шыдамдылық, жүйке мықтылығы, өткір көз және қуатты қол – осының барлығы садақпен атқанда жеңіске жету үшін қажет. Бүгінгі күні осы спорт түрімен әлемнің 140 елінде спортшылар айналысады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 1 оқу мин Экономика Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 25.04.2024 729 ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 08.04.2024 5349 ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ Экономика ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ 04.04.2024 5221