Экономика 200-ден аса асыл тұқымды ірі қара бағып отыр Редактор 30.10.2022 3682 1 оқу мин 19-ғасырда Шотландияда дүниеге келген Абердин-Ангус тұқымды ірі қара малын бүгінде өңірімізде өсіріп отырғандардың қатары көп. «Байбағыс»шаруа шаруашылығына жетекшілік етіп жүрген Ерғали мырзада Абердин-Ангус тұқымды етті бағыттағы ірі қараның 200-ден аса басы бар. Қазіргі уақытта жем-шөп базасын нығайту үшін күздік егін егу мақсатында несиеге құжат дайындап шапқылап жүр. Түркістан облысы Бәйдібек ауданында жеке кәсіпкер Ерғали мыра ірі қара мал шаруашылығын дамытуды қолға алған. Кәсіпкер бүгінде «Абердин-Ангус» тұқымды ірі қара бағып кәсібін дөңгелетіп отыр. Абердин-ангус асыл тұқымды түрінен құнажын мен асыл тұқымды үш бұқа сатып алған кәсіпкер бұл етті сиырлардың жерсінуі қиынға соқпағанын айтады. Қазіргі таңда ірі қара саны артып келеді. Малдың бұл төлі табиғи түрде жылдам салмақ қосу мүмкіндігіне ие. Жергілікті бұқалар күніне 400-500 грамм салмақ қосса, бұлар күніне 1,5-2,5 келі аралығында салмағын ұлғайта алады. Генетикасы жақсы»,-дейді кәсіпкер. Абердин-ангус асыл тұқымды сиырларының тағы бір ерекшелігі — бұзаулары анасынан кішкентай болып туылып, тез өседі. Қақаған аяз бен аптап ыстыққа шыдамды, әрі ауруға төзімді болып келеді. Өгізшелерді көбейтіп, елдегі мал басын асылдандыруды басты ұстанымы санайтын фермер алдағы уақытта мал басын 2-3 мың басқа жеткізу жоспарында бар. Мұндай жағдайда малшылар саны тағы да артатын болады. Әрқайсысы 1 тоннадан астам ет беретін асыл тұқымды бұқалар ерекше күтімге алынған. Тіпті жем-шөбіне жұмыртқа мен сәбіз және қырыққабатқа дейін қосып беріледі. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 08.04.2024 3238 ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ Экономика ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ 04.04.2024 3587 Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр 1 оқу мин Экономика Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр 03.04.2024 3441