Түркістан облысында бүгінде балық шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкерлер қатары артып келеді. Жеңсік асқа әрдайым сұраныс кемімейтіні анық. Нарыққа шыққан балықтың жерде қалмайтыны тағы бар. Бүгінде Түркістан облысы жасанды көлдерде балық өсіру бойынша елімізде көш бастап тұр. Өңірімізде тауарлы балық өсіруге жарамды 134 өзен-көл бар. Оның ішінде 88 жергілікті маңызы бар су айдыны балық шаруашылығы мақсатында табиғат пайдаланушыларға берілген. Өңіріміздің тауар өндірушілері жылына 2 мың тоннадай балық өнімін Әзербайжан, Грузия, Израиль, Ресей, Қытай және Өзбекстанға балық экспорттайды. Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданындағы балық өнімдерін өндіру шаруашылығы қарқынды дамып келеді. «Көмеш Балық» шаруашылығының иелігіне 17 өзен кіреді. Балық өсірудің қыр сырын меңгерген мекеме селекциямен ле айналысады. Мұнда су жәндігінің сан алуан түрін өсіріледі. Жылына 500 тоннаға дейін балық өсіріп шығарады. Балық басын көбейтумен айналысатын мұндай шаруашылықтар облыс көлемінде көп, Бүгінгі таңда өңірде балық шаруашылығының қуаттылығы жылына 8 мың тоннадан асады. Бұл кәсіппен 133 кәсіпорын айналысады. Мамандар Түркістан облысындағы жасанды су қоймаларында балық өсіру саласының әлеуеті жоғары екенін айтуда. Балық өсіру шаруашылығына субсидия бөлінбек. Таяуда Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында агроөнеркәсіптік кешені және тамақ өнеркәсібі Комитетінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде — акваөсіру яғни, балық өсіру шаруашылығы өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға қаржы көздерін қарастыру мәселесі талқыланды. Айта кетейік, балық шаруашылығы 2021 жылдың желтоқсан айында ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінен — ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағына өткен болатын. Басқарма тарапынан балық шаруашылығын субсиядалауға классификатордың кеш ашылуына байланысты жыл басында қаржы қарастыру мүмкіндігі болмаған. Осыған орай, Түркістан облысытық кәсіпкерлер Палатасы тарапынан кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында облыс әкімдігіне ұсыныс хат жолданды. Өз кезегінде облыс әкімдігі жергілікті бюджет есебінен балық шаруашылығын субсидиялауға 500 млн теңге қарастырып, маслихат отырысына ұсынатын болады. Әрине, балық өсіру шаруашылығына субсидия бөлінсе осы кәсіппен айналысатындардың айы оңынан тумақ.