Экономика Мақта зауыттарының өкілдерін диқандармен тікелей кездестірді Редактор 30.10.2022 2481 1 оқу мин Ала жаздай кетпенін күнге сүйдіріп, бел жазбай еңбек еткен шаруалардың өндірген өнімінің жемісін көретін уақыты туды. Ақ алтын мекені саналатын Шардарада бүгінде мақта бағасына қатысты мәселенің түйінін тарқату қажеттігі туындап отыр. Түркістан облысына қарасты Шардара ауданындағы Алатау батыр ауылдық округінде аудан әкімінің орынбасары А.Таженов, AISISI ЖШС,AIIG ЖШС, МЫРЗАКЕНТ ЖШС мақта зауыттарының ресми өкілдері мен шаруалар мақта бағасының мәселесі бойынша жиын өткізді. А.Таженов мақта зауыттарының өкілдерін диқандармен тікелей кездестіріп, ақ алтынның бағасын талқылады. Жиын барысында зауыт өкілдері диқандарға қазіргі таңда 250 теңгеден аванс беріп жатқандарын айтып, нақты бағаны нарықтағы мақта бағасының мөлшеріне қарай қоятынын алға тартып, бағаны әлемдік нарықтағы сұраныс шешетіндін жеткізді. Оған қоса, зауыт өкілдері алдағы уақытта мақта бағасының қазіргі аванстық бағадан неше есе көтерілетіндігі белгісіз деді. Ал кездесуге арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары А.Таженов еліміздегі мемлекет тарапынан мақта бағасын тиімді тұрақтандыру бойынша жұмыстар жасалынып жатқанын атап өтті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 1 оқу мин Экономика Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 25.04.2024 2140 ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 08.04.2024 5450 ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ Экономика ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ 04.04.2024 5414