Саясат ЖАҢА ӘРІ ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ДАУЫС БЕРУ МАҢЫЗДЫ Редактор 31.10.2022 3475 1 оқу мин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы ұсынған болатын. Қазір сайлауға қызу дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Бұл сайлаудың ерекшелігі – Президент 7 жылға бір рет сайланады. Яғни жаңа әрі әділетті Қазақстан құруға деген үлкен бастама болғалы тұр. Бұл сайлау — өзгерістердің бастауы болмақ. Сайлауға қатысуды жай ғана дауыс беру деп қабылдамауымыз керек. Бұл ел алдындағы жауапкершілік және біздің заңды құқығымыз. Келер ұрпақтың алдында сара жол сала білу әрбір жүрегінде еліне деген патриоттық сезімі бар азаматтың борышы деп білемін. Ата-бабамыз біздің бейбіт елде өмір сүруіміз үшін қасық қаны қалғаша күресті, біз де келер ұрпақтың жарқын болашағы үшін жауаптымыз. Сіздің таңдауыңыз – елдің ертеңгі өмірі. Менің, сіздің, оның дауысы – Жаңа Қазақстанның жаңарған көрінісі! Еліміздің Тәуелсіздігін тұғырлы, байрағын бірге биік етейік! Сайлаушыларды, жерлестерімді үлкен жауапкершілік жүгін бірге көтеріп, байтақ елдің бірлігін одан әрі нығайта түсуге шақырамын. Біздің даусымыз еліміздің болашағы үшін берілген үн. Кемел келешек үшін өз дауысымызды беруден қалыс қалмайық! Гүлбахира ТӘЖІБАЕВА, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркістаннан Самарқанға тұрақты әуе қатынасы қатынайды 1 оқу мин Саясат Түркістаннан Самарқанға тұрақты әуе қатынасы қатынайды 24.04.2024 973 ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 1 оқу мин Саясат ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 07.04.2024 5602 БЕЙЖІҢДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ NAURYZFEST ӨТКІЗДІ 1 оқу мин Саясат БЕЙЖІҢДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ NAURYZFEST ӨТКІЗДІ 31.03.2024 5574