Экономика Тәжірибелі мамандардың қолынан шыққан дүние де сапалы Редактор 31.10.2022 2452 1 оқу мин Тәжірибелі мамандардың қолынан шыққан дүние де сапалы Бүгінде теңіз асып, тау асып әкелінетін жиһаздар дүкендерде самсап тұр. Бірі бірінен өтеді. Классика дейсіз бе, модерн стиліндегісін іздейсіз бе бәрін де табуға болады. Бірақ бағасы аспанға ақырып тұр. Одан да өзіміздің жергілікті жерде жасалынған жиһаздардың шетелдік өнімнен еш кемдік жері жоқ. Қайта артық болмаса. Әрі әсем, әрі бағасы да арзандау. Түркістан қаласы Сауран ауданы, Иассы ауылдық округінде «Sem Brand» жиһаз цехы бүгінде сапалы жиһаз шығарумен атағы алысқа кетіп тұр. Өндірістік цехтың аумағы 3000 шаршы метрді құрайды. Заманауи технологиялармен жабдықталған цех жылына 80 мың орындық, 15 мың үстел шығаруға қауқарлы. Бүгінде мұнда жүзден астам адам жұмыс істейді. Мамандардың біліктілігін арттыруды да естен шығармаған. Жаңа заманауи технологиямен жұмыс істей алатын жастар көп. Тәжірибелі мамандардың қолынан шыққан дүние де сапалы. Бабыр Шереханұлы, цех директоры: «Заман ағымына ілесіп отыру керек. Биыл қандай жиһаз түрі сәнде, соның бәрін зерделеп қарап отырамыз. Біз шетелдегі көрмелерге жиі барамыз. Мамандарымызды тәжірибе алмасуға шетелдегі түрлі ірі кәсіпорындарға жібереміз. Мамандарымыздың шеберлігі өнімдеріміздің сапалы болуы үшін өте маңызды. Қазіргі таңда өнімдерді еліміздің көптеген қалаларымен қоса Қырғызстанға да экспортқа шығарып жатырмыз». «Sem Brand» өзінің брендін қалыптастырып үлгерді. Сапалы жиһаз сатып алған тұтынушылар өзге өнімдеріне де тапсырыс бере бастады. Бүгінде «Sem Brand» жиһаз цехы — Түркия, Қытай және Ресей елдерімен бірлесіп жұмыс істеуде. Шетелдік соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған өндіріс орнында болашақта 300-ден астам адам жұмыспен қамтылады деген жоспар бар. Импорт өнімдердің орнын «Sem Brand»-тің өнімі басатын күн де алыс емес. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 1 оқу мин Экономика Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 25.04.2024 2215 ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 08.04.2024 5450 ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ Экономика ОРДАБАСЫДА БИЫЛ «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН ТҮЙЕ СҮТІН ӨҢДЕЙТІН КООПЕРАТИВ ҚҰРЫЛАДЫ 04.04.2024 5414