Саясат МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН СЕМЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БОЛДЫ Редактор 03.11.2022 3067 1 оқу мин Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Семей медициналық университетінде болды. Бұл – Павлодар мен Өскеменде өз ауруханасы мен филиалы бар елдегі ең ірі медициналық жоғары оқу орындарының бірі. Кандидат ұжымға өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Жиында республиканың нарықтық қажеттіліктеріне сәйкес елдегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім «елдің зияткерлік әлеуетін қалыптастыра алатындай» жаңғыртылуы қажет екені айтылды. Сондықтан М.Қажыкен өңірлік университеттерге көбірек көңіл бөлу керек екенін, түрлі ғылыми зерттеулер жүргізілу үшін әр білім ордасы өзінің ғылыми-техникалық базасын құру керек екенін айтты. Кандидат жалақыны көтеру, әлеуметтік төлемдер және зейнет жасын төмендету секілді тақырыптарды да қозғады. Бұл ретте, базалық әлеуметтік мөлшерлемелерді қайта қарау қажеттігін нақтылады. «Азық-түлік бағасын қайта есептеу керек. Коммуналдық қызметтер, балаларға тәттілер, кітап сатып алу, театрға кем дегенде айына бір рет бару керек. Бірақ бұл шығындар ескерілмейді. Осылай жұмыс берушілер қызметкерлердің жалақысын есептеу кезінде ең төменгі жалақының шағын көрсеткішін шығарады. Ол үшін мұнай ресурстарына емес, кәсіпкерлікке байланысты экономика моделін өзгерту керек», деді Мейрам Қажыкен. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМІ ЖЫЛЫНЫҢ РЕСМИ АШЫЛУЫНА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚАТЫСУДА 1 оқу мин Саясат ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМІ ЖЫЛЫНЫҢ РЕСМИ АШЫЛУЫНА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚАТЫСУДА 29.03.2024 651 ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИЗМ ӘЛЕУЕТІ САМАРҚАНДА ТАНЫСТЫРЫЛУДА 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИЗМ ӘЛЕУЕТІ САМАРҚАНДА ТАНЫСТЫРЫЛУДА 24.03.2024 1825 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘКІМДЕР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖҰМЫСҚА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘКІМДЕР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖҰМЫСҚА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ 18.03.2024 2475