Экономика Негізгі кәсіп — ауылшаруашылығы саласы Редактор 03.11.2022 1998 Негізгі кәсіп — ауылшаруашылығы саласы Түркістан облысына қарасты Келес ауданына қарасты Бірлесу ауылдық округі 4 елді мекеннен құралған. Қазақстан, Дихан, 28 гвардияшылар және Берекелі ауылдары кіреді. Бес мыңға жуық тұрғын күн кешетін ауылдық округінің негізгі тіршілігі — ауылшаруашылығы саласы болып табылады. Ауыл тұрғындары ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, экспорттауға бейіл. Одан бөлек ауданда кәсіпкерлер қатары да артып келеді. Өнім өндіруден бөлек қызмет көрсету саласында бағын сынап жүргендер қатары жетерлік. Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев бірлесуліктермен бұл жолғы кездесуінде тұрғындардың өткен кездесуде көтерген мәселелердің шешілу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Өткен басқосуда көтерілген мәселенің бірі білім ошақтарындағы қысқы жылу жүйесінің әлсіздігі болатын. Ауылдық округінің орталығындағы №33 Жуантөбе жалпы орта мектебінің жылу жүйесі ретке келтірілген. Сонымен қатар, бұрынғы әкімдік ғимараты болған ғимаратты бастауыш сыныбының оқушылары білім алатын нысанға айналдыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. Білім бағытындағы жұмыстарды толықтырған аудан басшысы өз сөзінде Бірлесу ауылдық округінен 600 орындық мектеп құрылысы жоспарға енгенін мәлімдеді. Аталған білім нысаны «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында салынатынын жеткізді. Кездесу барысында ауылдық округінің инфрақұрылымдық дамуы жөнінде сөз қозғаған аудан әкімі атқарылар жұмыстардың жоспарын түзерде жергілікті қоғамдастық мүшелерінің ұсынысы бірінші кезекте назарға алынатынын атап өтті. Аудан басшысына жергілікті тұрғындар тарапынан ауыз суды үздіксіз беру мәселесі, вегетация уақытында ағын судың тұрақты берілуі және тасқын судың жиналатын қашыртқыларды механикалық тазалаудан өткізу бойынша өз өтініштері мен ұсыныс, пікірлерін жеткізді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Сайрамдық шаруалар түйеқұс өсіруде 1 оқу мин Экономика Сайрамдық шаруалар түйеқұс өсіруде 05.03.2024 3781 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БӘЙДІБЕК АТА» СУ ҚОЙМАСЫ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «БӘЙДІБЕК АТА» СУ ҚОЙМАСЫ САЛЫНАДЫ 04.03.2024 3667 ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН БИЫЛ 2640 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН БИЫЛ 2640 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ 09.02.2024 11474